Достар...

Екі дос егістікте  бірге жұмыс істейтін. Бірі үйленген, үш баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін еңбектеніп,  тапқандарын  теңдей етіп  бөліп алатын. Күндердің күнінде бойдақ жігіт ішінен: «Өнім мен  пайданы теңдей бөлгеніміз дұрыс емес. Жалғыз болғандықтан қажеттілігім де аз»,–деп ойлайды.  Осылайша  бір қап астықты  күнде жасырын түрде досының сарайына апарып тұрады. Үйленген досына: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес. Мен  үйлі-жайлымын, жұбайым мен балаларым бар.  Қартайғанымда олар маған қарайды. Досымның болса ешкімі жоқ»  деген ой келеді. Ол да  түн жамылып  жолдасының үйіне  бір қап астықты жасырын апарып тұрады. Осыған қарамастан  қаптардың саны неліктен азаймайтынын олар  түсіне алмайды. Бір түні екеуі бір-біріне  астық тасып жүргенде абайсызда соқтығысып қалады.  Мән-жайға қаныққан олар адал достығы мен ниетіне тағы бір рет көз жеткізіп, көз жастарын біразға дейін тия алмайды.



Бөлісу: