Оператор бола білу де өнер

Оператор бола білу де өнер
жеке
блог

 

Бәрімізге белгілі журналист десе, ең алдымен ақпарат, оператор, тілші деген ұғымдар көз алдымызға елестейді. Қарап отырсақ, бұл ұғымдардың дыбысталуы бөтен болғанымен, мағыналары бір-біріне ұқсас. Журналист шығармашылық әлемнің иесі. Сондықтанда журналистің басты байлығы – сапалы ақпарат. Оның сапалылығымен қатар, құндылығы, ерекшелігі маңызды. Осы орайда француз данышпаны Наполеон Бонапард: «төрт мың әскердің соққысынан, төрт баспасөздің соққысы артық»,-деген екен. Ақпараттың сапалы болып шығуы оператордың шеберлігіне байланысты. Ал, операторлық шеберлік дегеніміз - көркем шығармашылықтың кинематографиялық түрі, түсіру әдістері мен құралдары арқылы, фильмнің мазмұнын, идеясын ашатын көркем образ жасау. Оператор өз жұмысында операторлық шебердің көркемдік бейнелеу құралдарын, кинематографтық техниканың мүмкіндіктерін кеңінен қолданады және фильмнің сценарийі мен түпкі шығармалық мақсатын басшылыққа алады. Міне, оператордың шеберлігінің мәні осында жатыр. Қазіргі таңда мықты, пәрменді операторлар жоқтың қасы. Себебі, барлығы кәсіби емес, көбісі кино саласынан келген мамандар. Менің ойымша нағыз операторлар Ресейдің «НТВ» арнасының  операторлары. Олар жалпы, орта, ірі пландарды және жоғарғы, төменгі түсіру нүктелерін  өте қатаң сақтайды. Ал енді өзімнің пір тұтатын операторым – украиналық Даниил Демуцкий. Ол заң саласында білім алсада, өмірін операторлыққа арнаған, нағыз оператордың зіл батпанын мойнымен көтере білген адам. Даниил Демуцкий кинематографиялық оператор болсада, оператор саласының хас шебері. Менің ойымша нағыз оператор кино болсын, телевидение болсын, екіге бөліп қарамай, бірбеткей, шеберлігі басым, талантты әрі ойлау қабілеті мен фантазиясы мықты болуы тиіс.