"Махамбет мазары"

"Махамбет мазары"
жеке
блог

Ассалаумағалейкум, Массагеттіктер!
Мен өзім 9-сынып оқушысымын. Қазақ әдебиеті кітабына Махамбет Өтемісұлының зиратының орналасқан жері туралы қате кетіпті. Менің анам Махамбет бабамның ұрпағы болып келеді. Махамбет Өтемісұлы туралы оқып отырғанда… Кітапта былай жазылыпты:
Ақынның зираты Атырау облысы, Махамбет ауданындағы Қарой деген жерде. Қазір ол жер «Махамбет ойы» делінеді. Сол жердегі ауыл Махамбет атымен аталады.
,-деп жазылыпты. Анам естігенде таң қалды. Кітапта неге қате жазады деп. Апайымда қате екенін айтып, қайда орналасқаны туралы мәлімет берді.

Кітап туралы мәлімет:
Қазақ әдебиеті (9-сынып)
АЛМАТЫ «МЕКТЕП» 2005
Авторлары: Ақшолақов Т., Жұмажанова Т., Қалиев С., Дүйсебаев С.


Сонымен, Махамбет бабамыздың зиратының орналасқан жері: Атырау облысы, Индер ауданының ар жағында неше километр жерде екенін білмеймін, бірақ, Қаракөл деген ауылға бара жатқанымда көргенмін. Жолдың оң жағында белгі тұр. «Махамбет мазары» деп жазылған қаңылтыр. Стрелка бағытталған оң жаққа. Сол оң жаққа бағытталған қара жолмен жүре берсе Махамбет мазарына апарады. Ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі Махамбет бабамыздың зираты туралы мәлімет қате жазылмауы керек деп ойлаймын. Қазақтың қара домалақ балалары жастайынан осылай қате оқыса, өскенде не болады? Бұл әщейін қате емесқой. Индерден Атырауға дейін бағыт алатын тасжолдың сол жақ жанында орналасқан Махамбет ауданы бар. Индерден 80 км жерде. Бірақ ол ауданның Махамбет бабамызға ешқандай қатысы жоқ. Ал кітапта осы Махамбет ауданында деп жазылыпты. Міне, кітаптағы қате осы. Кейде алгебрадан да есептер қате беріледі, жақсы, ол ешнәрсе етпес. Ал, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Махамбет туралы осындай қате кетуі дұрыс емес! Бар айтарым осы.