Көңілімнің хошы болмай тұрғаны

Көңілімнің хошы болмай тұрғаны
жеке
блог

 

Жұма күні елпілдетіп екі бірдей балмұздақ жеген едім. Желкемнен шығайын деді ме, бүгін ұйқымнан тұра алар емеспін. Далада қар ерімей жатып, жұтынып балмұздақ жегеніме жол болсын да. Орыста «после обеда» дегендей, екі жарым күн өтіп кеткесін ауырып жатқаны несі? Айй, осы қазақтың ауруы өзі секілді ыңғайға қарап, асықпай келе береді-ау. Тамақтың бітіп тұрғаны өз алдына, сай сүйегім сырқырап тұр. Әәй, қойш, денсаулығың болмаса өмірдің бәрі қол сермей салатын дүние екен ғой. Сап-сау басым өзіме сақина тауып алдым. Арасында жыным келіп қоятыны болмаса, балмұздақ жегенімді ойлауға шамам жоқ, бет-аузым ісіп, тамағым қырылдап, осы аптаға қойған жоспарымның күл-талқанын шығарып жатқаны-ай! Массагет мырзадан да ажырап қалдым, оқта-текте қол жүгіртіп, клавиатураларды тықылдатып қоюшы едім. Ол да болмай қалды. Қырсыққанда бүгін күн де шықпай қойғаны несі, жооқ, шықты, бір рет бұлт есігінен қиғаш қарағаны бар. «Ертееең келем» дегендей қуланып алдап кетті. Осындайда табиғатыңның да, сабағыңның да,  алға қойған қызықты жоспарларыңның да қадірі қалмайды екен. Нашар сезініп тұрм да өзімді, әәәй қойш. Балмұздақ жейтін кезде біршама ойланып алған дұрыс екен. Мүмкін, бұл да себеп емес болар, көктемнің алғашқы күндері осылай қарсы алып жатқан шығар мені. Кім білсін, іздей берсең себеп көп қой...

                                                    сурет: http://zontytryslona.ru/smajliki-kartinki-nastroeniya.html