Байқау! Байқау! Байқау!

Байқау! Байқау! Байқау!
жеке
блог

Көктем, көктем, көктем  келді. Қытымыр қысты артқа  тастап, көктемді қарсы алып жатырмыз.

Осы көктеммен келіп жатқан мереке яғни арулардың  мерекесі. Барша сайтың асыл аналарын, ару қыздарын, әпкелер және қарындастар сіздерді келе жатқан мерекеліріңізбен құтықтаймын. Бізге сыңғыр күлкі мен ақ жүректеріңізбен қуаныш сыйлап жүре беріңіздер.

Осы мерекеге орай сайтымыздың жігіттеріне ғана арналған байқау жарияламақпын. Сайт админдері ұйымдастырып жатқан байқаудан басқа, аспаздық өнерімізді көрсететін байқау.

Байқау шарттары:

  1. Ас мәзірін дайындау.
  2. Суретке түсіріп, блог жазу
  3. Суреттер өзіңді екенін дәлелтейтін белгі болу керек .

 

Осы байқаудың әділ дегенде әділ қазыларымен таныстырып өтейін, қазақ интернетін дамытуға өздерінің аспаздық қабілеттерін бөлісу арқылы дамытуға ат салысып жүрген Көркем, Сания Аринова, АКА. Осы ханшайымдар сіздердің өнерлеріңізді бағалайтын болады.

 

Байқай  наурыз айының 7ші жұлдызы күні аяқталып, 8наурыз күні қорытынды шығалады.

Байқау жеңімпаздарына ұялы телефон бірліктері сыйға тартылады.

 

Қатысып өнеріңді көрсетіп, ұялы телефоныңды мереке қарсаңында бірлікке толтыр. Өзін өнерлі санайтын  жігіттердің бағын сынайтын кез келді)