Ахмет Байтұрсынұлының бейнесі.

Ахмет Байтұрсынұлының бейнесі.
жеке
блог

 

 Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсыновтың туғанына биыл  140 жыл толды. Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы Ахмет Байтұрсынов атамыз  қазіргі Қостанай облысына қарасты Жангелдин ауданынының Сартүбек деген жерінде мешін жылы туылады.

·         Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы.

·         А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы- оның ақындық, еңбегі. Ол бала кезінен қазақ ішінде көркем сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, ойланып өскенге ұқсайды.

·         Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады.

Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынов еді. «Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Тағы да Ахаң айтқандай: «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл осында айтылғандай Алаш идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері құл халықтың көзін ашпаққа керек.

Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахмет Байтұрсынов — қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның жазған кітаптар, ол туралы жазған кітаптар қазірде қолданыста жүр.

Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Өз замандастары және басқада қазақ ғалымдары Ахметке бірер пікірлерін жазып қалдырған. Олар: Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов, Серік Қирабаев, Рымғали Нұрғалиев, Сырбай Мәуленов, Зейнолла Қабдолов, Сәбит Мұқанов, Қайым Мұхамедханов, Ал Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын Кеңестер Одағы тұсында зерттеген ғалымдар, Рымғали Нұрғалиев пен Рәбиға Сыздықова болды.

Қазақстанның Жоғары оқу орындары қауымдастығы біраз жылдан бері еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, жаңа буын мамандарын даярлаудағы жаңашыл идеялары мен инновациялық ұстанымдары үшін елеулі тұлғалар мен ұйымдарды Ахмет Байтұрсынов атындағы медальмен марапаттап келеді.

 Биылдан бастап бұл марапат санатына А.Байтұрсынов атындағы орден қосылып отыр. Қауымдастықтың мұндай игі бастамаларына еліміздің Білім және ғылым министрлігі жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Осы жылдың маусым айында Алматыдағы ғылым ордасында өткен министрліктердің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Ахмет Байтұрсынов атындағы орденнің тұңғыш иегері атанды.

Білімділер мен біліктілерді ынталандыруға бағытталған осынау игі бастамалар ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 140 жылдығына орайластырылып отыр. Жоғары оқу орындары қауымдастығы еліміздің білім-ғылым саласына серпін беретін мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтып отыр.

 «Бiр тiл, бiр дiн, бiр мемлекет, бiр хан» ұстанымымен Керей мен Жәнiбек сұлтан құрған алғашқы Қазақ мемлекетi мен оны нығайту жолындағы Қасым хан бастап, Хақназар қостаған «Алты Алаш» идеясын жүзеге асыру жолындағы ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы, Алаш алыптарының бірі Байтұрсыновты қазақ ұмытпаған, ұмытпайды да.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқу орындар:

·                    Алматы қаласы; А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы.

·                    Шымкент қаласы; А.Байтұрсынов атындағы №50 орта мектебі.

·                    Орал қаласы; А.Байтұрсынов атындағы №10 орта мектебі.

·                    Ақтөбе қаласы; А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі.

·                    Өскемен қаласы; А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі.

·                    Тараз қаласы; А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы.

·                    Қостанай қаласы; А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ.

·                    Алматы қаласы; А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты.[8]

Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткіштер:

  • Ресейдің Орынбор шаһарында Алаш арысы, қазақ әліпбиін жасап, қазақ тіл білімі ғылымының негізін қалаған ғалым Ахмет Байтұрсыновқа арналған ескерткіш тақта ашылды.
  • Алматы қаласы; «А.Байтұрсынов» ескерткіші.
  • Шымкент қаласы; «А.Байтұрсынов» ескерткіші.
  • Қостанай қаласы; «А.Байтұрсынов» ескерткіші.
  • Қостанай өңірінің жұртшылығы үшін ұмытылмастай елеулі оқиға болды. Қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың аяулы жары Бәдрисафа Мұхамедсадыққызына Меңдіқара ауданындағы Қасқат ауылының аумағындағы қорымда ескерткіш белгі орнатылды. 

Ахмет Байтұрсынұлы туралы филімдер:

  • 1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров

Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

  • 2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ.Умаров

     Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов     атындағы.

Кезіндегі Тосын болысының аумағы болған, қазіргі Ақкөл, Қарасу ауылдары ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының кіндік кескен жері. Екі ауыл арасындағы Сартүбектің  орны жоқ болғанмен, Ахаңның қазіргі ұрпақтары оның туған үйін бастапқы қалпына келтіріп, қайта салыпты. Ахметтей ұлы тұлғаны «ысырып» қойып, ауыл ортасында әлі күнге кеуде керіп тұрған Лениннің ескерткішін көріп жағамызды ұстааймыз. Қостанай уезін Челябі облысына қосу туралы шешіміне қарсы Байтұрсынұлының жазған саяси наразылығы Қостанайды Қазақ жерінің құрамына қайтаруға негіз болған жоқ па? Өзі туған ауыл оны бағаламаса базқа қазақтан не күтеміз?

·         Оны айтасыз, Қарасу ауылында кішкентай, биіктігі 1 м-ден аспайтын мүсіннен басқа Ахмет атамызға арналып қойылған басқа белгі жоқ. Оның өзі 1991 жылы қашалып жасалған екен. 

·         Қалың қазақ шоғырланған Ахмет Байтұрсынов ауылында Ресейге қолын созып күн көсем әлі тұр. Теріскейге қол созуына қарағанда сендер әлі бізге тәуелдісіңдер деп тұрғаны ма? Әйтпесе сол тұғырда Ахмет атамыз тұрар еді ғой. 

Күндердің күнінде мұндағы Ленин «жылы орнын» босатарына сенейік.  Еліміздің ертеңін ойлайтын біз жастар осындай олқылықтарға жол бермейік. Өзгені құрметтейік, ал өзімізді тек биікке жетелейік! 

Ахмет Байтұрсынұлының Алматы қаласындағы мұражай-үйі  1993 жылы ұйымдастырылды.

Мұражай-үй  төрт бөлме және бір жертөледен тұрады. Оның бір бөлмесі – ахметтану дәрісханасы. Үш залда ғалымның шығармашылық ғұмырына қатысты экспонаттар  жасақталған. Музей жанынан 1000 жуық кітап, 500-дей әдеби журналдар, 500-дей түрлі конференция материалдары және апталық газет тігінділері қамтылған кітапхана жұмыс істейді.

Ахметтей бабам серті ішінде жатқан, жарым-жартылай бостандықтан үміті болған 6 миллион қазақты  қорғап қалғанын есте сақтай жүрейік. Алға қадам басып, ілім-білімге, бірлік пен татулыққа халқымызды жетелейік. Тек сол кезде ғана алаштың азаматтары мен Ахмет секілді ұлы тұлғаларымыздың жаны тыныш, әруағы риза болар. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!