Көгілдір көктемді "Өмір тынысы" бағдарламасымен қарсы ал!
жеке
блог

Көгілдір көктемді "Өмір тынысы" бағдарламасымен қарсы ал!

Армысың, көктем?!

Төрт мезгілдің ең көрікті әрі ең әсем шағы көгілдір көктемді "Өмір тынысы" бағдарламасымен қарсы алыңыздар!

Көктемнің алғашқы күндерінде эфирге шығатын бағдарлама келе жатқан 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналатын болады.

Жүргізуші Айман Нұрмағанбет дайындаған арнайы жасалған мерекелік бағдарлама аясында көретіндеріңіз:

8 наурыз мерекесіне қалай дайындалған жөн?!

Сыйлық таңдай білесіз бе?!

Әнші Еркін Мәулен жігіттер қауымына сыйлық таңдауда қандай кеңес береді?!

Ренжітіп алған, кешірім сұрауға бата алмай жүрген қыз балаға қандай сый жасаса болады?!

Қазына Әбдіғапбар қай сыйлықтардың қыр-сырын анықтап, оның құпиясын ашты?!

Ғазиза Ұзақ "KS Production" продюсерлік орталығының ресми ашылу салтанатына қалай барып келді?!

Уәлихан Қосанбай осы аптада қандай қызықты бейнесюжеттерді көрсетеді?!

Бағдарламаның басты кейіпкері Қайсар Қауымбек (Алшын Матай) әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтап, аяулы аналарымызға арнап өз өлеңін оқып береді.

Ертең, яғни 3 наурыз күні сағат 19:30-да "СТВ" арнасын қосуды ұмытпағайсыздар, достар!

Эфирде жүздескенше!

P.S. Бағдарлама сейсенбі күні сағат 21:00-де қайталанып көрсетіледі