Қыз деген -қызғалдақ! *** 8-наурыз мерекелеріңізбен!!!

Қыз деген -қызғалдақ!  ***     8-наурыз мерекелеріңізбен!!!
жеке
блог

«Сәлеметсіздер ме жолдастар!яндекс

         Гүл бақшасында болып па едіңіз? Гүл ашылған ғажайып сәтті көріп па едіңіз? Бақшаның жер нәрі, күн нұрына қанып, толысқан ақ, қызыл, қызғылт, сарыкөк гүлдері біртіндеп, бірімен-бірі жарыса ашыла бастағанда жаныңызды ләззат кернеп, өз-өзіңізден өзгеше бір рахатқа кенелмейтін ба едіңіз. Міне, қыздардың менің сәлемімді алып, еріндерін сәнмен қозғаған осы бір сәті менің көз алдыма гүл бағын елестетті. Иран бақ осы болар дегендей, жазық маңдай, қыр мұрын, аққұба, аққу мойын, аршын төс, қара торы қиғаш қас, ақ сары қыздар әлі маған жаудырап қарап отыр». Бұл «махаббат қызық мол жылдардағы» Ерболдың 33 аудиториядан көрген ғажабы. Сырт көзге баршасы жайқалған жауқазындай болғанмен, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері  бар еді. Сонда бір қыз баланың өзін көзбен көрсең бір қыры шығады дағы,  көкірек көзімен іс барысында адамгершілік қарым-қатынаста екінші қыры шығады. Сол екінші қыры арқылы қыз баланың қылығы, бойжеткенге дейінгі алған тәрбиесі қайтсе де көрінбей қалмайды. яндекс

                                   Білектей арқасында өрген бұрым,

                                      Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,- бұл көшпелі қазақ қоғамындағы Абай салып кеткен қыз бейнесі. Үстінде қос етек көйлегі, басында моншақпен, асыл таспен көмкерілген құндыз бөркі, белі қыналап тігілген барқыт камзолы, аяғына ұсталардың шебер қолынан шыққан өкшелі етігі бар қазақтың «піскен алма секілді тәтті қызы» қашанда төрден орын алған. Қыз-келіншектерге өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі деп қараған. Қыздардың есімдерін жарық жұлдыздарға, ай мен күнге балап: Айман, Шолпан, Зере, Ажар, Қыз Жібек, Күнікей, Толғанай, Ақтоты, Қарашаш, Алтынай, Айғаным, Ақжүніс, Назым, Айторы деп қойған.яндекс

Ел екінші жерге көшкенде оларға айқасқа ат міңгізіп, жібек баулы көшті бастатқан. Қалың көш алыстағы мұнартқан тауларға қарай жылжып бара жатқанда, кілең біртүсті киінген сұлу қыздар ұзақ жолды өлеңмен, әнмен өрнектеп жүрген, екінші кезекте байсалды аналар, әкелер келе жатқан. Одан соң 4 түлік малдың қарасы көрінген.яндекс

Шыңғыс Айтматов өзінің бір сөзінде: «біздің қазақ пен қырғызда әйел затын ерекше ардақ тұтатын салт бар. Өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысыла берсін, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп үлпілдетіп өсірген. Қылжақтаған көлденең көк аттының сұғынан жеңгелері қорғаштап баққан. Халықтарымыздың тұлпар туған  биені соймайтын жақсы дәстүрі болған. Өйткені өмірге асыл перзент берген ана қандай құрметке де лайық. Оның алдындағы кішілігіміз – кісіліктің белгісі» деген.яндекс