Кешігіп  мойындау
жеке
блог

Кешігіп мойындау

 

75 жасқа толған Джо Жордан есімді қарт теңізшіні  мерейтойымен құттықтып,  өзі 50 жыл қызмет қылған жағалау күзеті ғана емес, керек десеңіз Аңглияның теңіз минстрінің өзі арнайы мақтау  қағазын жіберіпті.   Оның мұншама беделге ие болатындай жөні бар. Себебі, 50 жыл құтқару қызметінде   жүріп, Жордан сабазың нлкен дауыл болып, жағалау алып толқындармен құтырынғанда  суға кеткен   80-нен  аса адамды ажалдан арашалап алған.  Ол өзіне айтылып жатқан ақ тілектер мен құттықтауларды тыңдап тұрып әнтек қана жымиып: «Соншалықты мақтайтын ештеме де жоқ. Әрі-беріден соң құтқару менің жұмысым ғой» деп сыпайы  ғана сөйлеп тұрған. Бірақ үшінші күршке сыраны сіміріп салған соң мақтаншақтық сезімі  тіріліп шыға келеді.  Мастықтың әсерімен «Шынымен  де бұл бір бағалауға тұрарлық ерлік болса керек себебі,  мен  жүзуді білмеймін ғой. Мен өмірімде жүзіп көрмегем. Қазір де суда жүзе алмаймын» деп шынын айтып қойды. Мерейтойда қасында қоршап  тұрған дос-жарандары мына шындықты естігенде шалқасынан түсе жаздады.  Таң қалғандар   суға жүзе алмайтыныңды  бұрын неге айтпадың  деп қолқалай бастады. «Мені жұмысқа алған кезде суға жүзуден емтихан болған жоқ. Басқа сынақ пен сұрақтың бәрінен сүрінбей өтіп кеттім. Кейін менен ешкім «суда жүзе аласың ба?» деп сұраған да жоқ  деп ағынан ақтарылды Жордан. Үнемі дабыл қағылып, теңізге аттанғанда мен тек мықты қайықтың үстінде тұрып-ақ зардап шеккен жандарды арқан лақтырып, баллон тастап,   құтқарып алатынмын. Бір де бір рет суға секіруге мәжбүр болған емеспін. Алда-жалда суға құлап кетсем  де мені құтқарып алуға  достарым жүзіп келетін еді деп ойлаймын. Әлбетте, мен үнемі достарымның суда шебер жүзгенін бақылып, көріп, іштей соларға болысып жүретінмін  депті.