Тамұқтағы 5 күн

Тамұқтағы 5 күн
жеке
блог


Махаббат...
Не деген керемет сезім едің. Өмірге құлшынысыңды арттыратын да, жігеріңді құм ететін де дәл осы махаббат қой. 

Мен махаббатты(қарсы жынысқа деген) үшке бөліп қараймын. Ұнату - алғаш көрген кезде, суретіне қараудан, жалпы айтқанда түр-келбетіне қарап қызығу. Жақсы көру - әлгі ұнатудан кейін келетін сезім. Былайша айтқанда ғашықтық. Оның сөзін, әрекетін, мінезін, бәрін-бәрін жақсы көру. Соңғысын сүйіспеншілік деп атадым. Оны түсіндірмес бұрын "Анаңызды жақсы көресіз бе?" деген сұраққа жауап беріңізші. Жауабы "иә!" екені белгілі. Олай болса, сүйіспеншілік - міне, дәл осындай сезім. 

Мойындаймын, мен қыздарды көп ұнатамын. Алайда ары кетсе 4-5 қызды ғана жақсы көрдім. Ал сүйіспеншілік сезімімді екі-ақ қыз жаулап алыпты. Алғашқысы - бәрі білетін Айдана. Екіншісі ... Ол менің жақсы көретінімді сезетін шығар, бірақ әлі айтпадым. Дұрысы, айта алмай жүрмін. Сондықтан "біреу" деп атаймын. 

Мінезімді кейде өзім де түсінбей қаламын. Жақында бір оқиға болды. Әдеттегідей "біреумен" сөйлестім, бірақ оған ренжіп қалдым. Менің алдымда оның ешқандй да міндеті жоқ қой. Сол сәтте ол мені көптің бірі ретінде көретіндей болып кетті. Ашуландым, ренжідім, қызғандым... 

МұңМенің сүйіспеншілік сезімім оған тек бақыт тілеуім керек екенін ескертті. Тыңдадым. Сондықтан, оны мазалағым келмеді. Телефонды қолыма алып, оның нөмірін теремін. Қайтадан өшіріп тастаймын. Суреттерін қайталап бір көріп шығамын. Интернетке кірсем, "онлайн". Әрі-бері отырып шығып кеттім. Бұл бірінші күні болған еді. Екінші күні де осындай жағдай болды. Ол тіпті, дым демейді ғой... Барың не, жоғың не?! Бірте-бірте өзімді жоғалта бастадым. Көңіл күй жоқ. Болмашыға ашуланамын. Қатты, өте-өте қатты сағынсам да хабарласқым келмеді. Дұрысы, оны мазалағым келмеді. 

Мұңға толы бірнеше күн артта қалды. Сол күндер маған тозақтың отындай әсер етті. "Біреуден" әлі хабар жоқ. "Ызначит" бәрі бітті. Ендігі қалғаны оған бақыт тілеу ғана... "Тормоз" екеніңді мойындау. 

Мойымас үшін тез арада бір қыз тауып алғым келді. Кез келген. Уақытты өткізуге, сәл сергіту үшін керек еді. Қалай болмасын "біреуді" ойланбауым керек. 

Мазам кете бастады. "Біреуді" қимаймын. Арада 5 күндей өтті. Ақыры, оған хабарласуға бекіндім. Мейлі, не болса, о болсын! Агентке кірсем, "онлайн".

Сәлем...

 

P.S. Десертке Айдананың орындауындағы "Someone like you" өлеңін ұсынамын.