Футбол үшін жан пида.
жеке
блог

Футбол үшін жан пида.

 

Аңглияның Стивен Спиллер есімді футбол фанаты Лондондағы халықарылқ футбол жарысын көруге ақша таппай қиналады. Ол еш жерде жұмыс жасамайтын болғандықтан қалтасында бір фунты да жоқ еді. Ол жарнама беріп, үйінің шатырын жауып тұрған 500 шиферді сатып жібереді. Лондонға дейін бірақ қаржыны жол ақысы жеп қояды. Қала берді стадионның алдында құмар ойынға араласып бәстесіп, бар ақшасын ұттырып алады. Ол сонда да саспай үстіндегі пиджагын сатып ойынға кіреді. Кешке қарай жаурап, бүрсеңдеп үйіне келсе әйелі үш баласын алып, шешесінің үйіне кетіп қалыпты. Ашық аспан астында жалғыз тұрған оған да ұнамаса керек. Төбесі жоқ үйін тастап ол қаңғып кетеді. Стивен жұмыс тауып, қолына біраз қарға тышқанша оның үйі сол күйі шатырсыз қаңырап тұрды. 

Швецарияда   еңбексіз табыс табатын радиопиратты полицейлер тұтқындап айып пұл төлетеді. Полицейлерге кектенген радиопират өш алмаққа бекінеді. Ол Нойенбург қаласының порлицейлерін 10 күн бойына ақымақ қылып, әуреге салады. Ол полицейлер рациясы ұстайтын толқынды тауып алып футбол ойындарын жүргізіп, желіктіріп отырады да ара арсында үзілісте «қаланың пәлен қиылысында жол апаты болды. Тез жетіңдер» деп жалған ақпарат таратады. Полицилер апыл-ғұпыл асығып, бар жұмысын тастай салып айтылған адреске барса дәнеңе де жоқ. Ол ол ма радиопират радиотолқынға шығып алып оларды одан әрмен мазақ қылып, итін шығарады. Толқын ұстайтын арнайы радио мамандар ғана кекшілді оттап отырған жерінен сұтап алады. Енді ол 6 айға қамалып, қала берді 2000 франк айыппұл тағы төледі.