Мақтаншақтық пен Қарапайымдылық

Мақтаншақтық пен Қарапайымдылық
жеке
блог

     Жаңа қызметімді бастағалы сан түрлі адамдармен кездесіп жүрмін. Ерен еңбегімен аты шыққанмен де, өз кәсібін домалатып жүрген бизнес өкілдерімен де, жастармен де. Әрине, олардың әлеуметтік жағдайлары да әр түрлі. Осы уақытта жеке кездесуде де, жалпылай сұхбаттасу да мына бір нәрсеге анық көзім жетті.

     Қарапайымдылық деген ұғым бар. Оның мағынасын ашып жатудың қажеті шамалы шығар. Өкінішке орай, біздің қоғамда қарапайым адамдар тым аз екен. Өткенде еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үлкен ұйымның басшысымен кездесу өтті. Кездесуге дейін сөз жоқ қатты толқыдым. Қалай қабылдайды, сөзімді қабыл ала ма дейтін күдіктер болды. Алдына барып, сұхбаттасқан соң ол кісінің осындай биік орында отырса да, тым қарапайым жан екенін байқадым. "Шіркін-ай, адамның бәрі осы ағай секілді қарапайым болса ғой" деген тілекпен шықтым. 

     Тағы бір мысал. Қаншама жастар ұйымдарының өкілдерімен, "мини-бастықтармен" кездесіп, сұхбаттасып жүрміз. Алдына барсаң, адам демейді. Кісі құрлы көрмейді. Әттең, сыпайылық сақтап қана амалсыз отырамыз. Солардың бәрі өзіміз қатарлы жастар. Білмеймін, ненің буы екені, әйтеуір тым асқақ, тым өзімшіл, ана тілін біліп тұрса да, ресми тілде былдырлайды. Адамды танығың келсе, байлық пен билік бер деуші еді. Соның рас сөз болғаны да...

     Бәлкім, олардың қарапайымдылық туралы ұғымдары менің қарапайымдылық тұрғысындағы ұстанымыма қарама-қайшы шығар. Десе де, Толағай боп тау көтерсең де, қырандай қияға қалықтап, сан биіктерге самғасаң да, Жаратқанның қалауымен жағдайың жақсарып, мәртебең өсіп жатса да - Қарапайымдылық деген ұғым біреу ғана болып қала бермей ме?..

     Әлде мен қателесемін бе?..