Бәрі дос емесін түсіндім...

Бәрі дос емесін түсіндім...
жеке
блог

    Жанымда күлімдеп жүргеннің бәрі де дос емесін түсіндім. Достықты әркім әрқалай түсінеді, тіптен достық дегенді түсінбейтіндер, бағаламайтындар да жоқ емес. Өз басым достықты бірінші орынға қоятын адаммын. Бірақ, өмір маған арам достар ғана сыйлап келді. Осы уақытқа дейін үзбей араласып келген адал досым жоқ, құрбым санап жүрген қыздар ту сыртымнан қанжар сұқты.  Менің жеңісімен ортақтаса алмады, тасым өрге өрлеген қасымда табылудан қалды. Мен бұл зардап салдарынан қатты күйзеліске ұшырадым. Уақыт өтті, бұның барлығы да ұмыт бола бастаған кезде, міне  тағы бір тоқырау.

          Басқа ортаға келгенде   жаңа таңыстар, достар таптым. Есім шығып, жан құрбымды кезіктіргендей болдым. Айтады ғой досыңды көрсет, мен сенің кім екенінді айтам деп. Жоқ екеуіміз тіптен екі түрлі адамбыз. Екі түрлі ойлап, екі түрлі әрекет жасаймыз. Оны көпшілік ақылсыз, алаңғасар қыз санайды. Мен қолдан келген көмегімді аяған емеспін, тығырыққа тірелсе маған келеді. Керегін менен алды, енді қарасам барлығы тек пайда үшін сияқты. Бір балгер бақсы маған бір сөзінде: "Сен досың десе ішкен асыңды жерге қоясын, бірінші оның өтінішін, кейін барып өз шаруаңды орындайсың . Қолында соңғы тілім нан болса, сен оны да досыңа берер едің. Бірақ, саған достарыңның еш жаны ашымайды, жақсылыққа жақсылықпен жауап бермейді достарың",-деген еді. Сенгім келмесе де солай екені тағы да дәлелденіп отыр. Жан құрбым санап жүрген адамның бұл сөздері сай-сүйегімді сырқыратты. Оның былай ағынан жарылуына не себеп болды. Түсініксіз себептермен надандыққа басып, жерден алып жерге салғаны ауыр тиді. Еңкілдеп жылаудан басқа амал таппадым. Сатқындық емес не?! Тағы да құрбы дегеннен айырылудамын,неліктен...Қашан адал дос кезігеді маған, өзгеден мін іздеуден аулақпын. Сонда менің тарапымнан қандай қателіктер кетуде екен?!..Доссыз қалдыра көрме мына мені жаратқан...