Еркебұланның жауаптары
жеке
блог

Еркебұланның жауаптары

Сұхбаттарды кешігім шығып жатқанын айыпқа бұйырмаңыздар, жекеге хабарласып Еркебұланның оқырмандары көп күтіп қалды. Бүгін соның ыңғайы енді келіп отыр. Еркенің жауаптарын оқи отырыңыздар, сұрақтарыңызды пікір етіп қойып.

Келесі сұрақтарға жауап беретіндер, Сәния Аринова және Нүрзия,сұрақтарыңызды форумға қоя отырыңыздар.

Еркебұланға: Бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз? Сол арманды орындауға талпындыңыз ба, әлде ол құр қиял боп қалды ма?
Басында дәстүрлі әнші болуды армандадым. Содан соң мұнай инженері болғым келді. Кейін себепке еріп ақпарат саласына тап болдым. Қазір басқа арманым бар. Жүрген саламның түбіне жетіп, жаңалықтар ашқым келеді.

Еркебұлан, суреттеріңізде домбырамен түскен сәттеріңіз бар. Күй шерте білесізбе? Және жыр, терме айтамын деген едіңіз. Термелерге қай жасыңыздан бастап қызығушылығыңыз оянды? Және оған не түрткі болды?
Күй шерте алмаймын. Бірақ 11 жасымнан бері домбырамен аздап терме айтамын.
Еркебұланға: өмірлік көз қарасың қалыптасып үлгерді ме?
Үлгерген жоқ. Тура бір жыл бұрынғы көзқарасым басқаша еді. Қазір басқаша. Дүниетанымым әлі де өзгеріп, дами түседі деп ойлаймын.

Еркебұланға: Өзіңіздің "меніңізге" (ішкі түйсік) қаншалықты мән бересіз?
Ішкі түйсікке мән берсем, міндетті түрде жақсылыққа қарай алып шығады. Бірақ әрдайым түйсікке жүгіне беру мүмкін емес. Неге? Жай ғана ұмытып кетесің. Ішкі түйсіктің бар екендігін. Бұрынғыдан қалған жақсы сөз бар:  “Әр ақылды адамның ақымақ болып кететін кездері болады. Сол сәтте бір іс істесең жағдайың қиын болады. Әр адамның мақсаты ақылдылықтың уақытын барынша ұзарту”. Ақылдылық - ішкі түйсікке мән бергенде ғана қолға түседі деп ойлаймын.

Еркебұлан мырзаға:
1. Жас блоггерлерге берер кеңесіңіз?
2. Үлгі тұтар тұлғаңыз бар ма
1.    Ешқандай кеңес бере алмаймын. Себебі бұл тұрғыда кеңес беруге лайық адам емеспін.
2.    Үлгі тұтар тұлғам - ата-анам.

Eragama: Jigittin kai jasta uilengeni durys?
Неғұрлым ерте үйленгені жақсы. Қазақтың саны өседі. Бірақ төрт қабырғасын түгендеп, ыңғайланып алмай, көзді жұмып үйленіп алуға  да болмайды. Мейлінше материалдық,, эмоцияналдық проблемаларды шешіп алу керек деп ойлаймын. Сондықтан ерте үйлену үшін ерте еңбекке араласып, ерте есею керек.
Ерке, сіз еркесіз бе өмірде? Кімге еркін еркелейсіз? Шыныңызды айтыңызшы.  
Кішкентай кезімде ата-анама еркелейтінмін. Қазір ыңғайсыз сияқты. Қазір бірге жүрген достарыма еркелеймін.
Еркеге сұрақ: Бір ұшақта келе жатырсыңдар. Жаныңда Ардақ, Болат, Абзал Сариев және Болатбек бар. Барлықтарыңда бір-бір парашют бар. Бірақ, Болатбектің парашюті жарамсыз. Оны тек сен білесің, осы жағдайда сенің әрекетің қандай болады?!
Болатбекті белбеумен өзіме байлап алып секіретін шығармын.

Еркебұланға: Еркебұлан, бұрын сіздің кереметтей жазбаларыңызды оқып тамсанушы едік, "блогер" деген осылай болу керек деп бетке ұстайтынбыз... Ал соңғы кезде бәрі керісінше болып кеткен сияқты(жеке ойым). Мұның себебі неде? Баяғы біз білетін "ақылды" Еркебұлан Қайрахан қайда кетті? Әсіресе, соңғы жарияланған екі жазбаңызды сізге лайық емес деп санаймын!
Бүгіннен бастап  әр жазбама жауапкершілікпен қарап, мазмұны кең жазбалар жазып тұруға тырысамын.
Еркебұлан Қайраханға сұрақ, адамның бойындағы қандай қасиетті 1-ші орынға қоясыз?
Пәктік. Ойының, ішнің тазалығы. Ойына арамдық кіріп шықпайтын бала сияқты адамдар ұнайды.
Еркебұланға: Болашақ жарыңыздың қандай болғанын қалайсыз және оны таңдап қойдыңыз ба?
Мен еріншекпін. Маған мотивация беріп, итермелеп отыратын адам болғанын қалаймын. Иә, таңдадым.

Еркеге: Жалпы мақала жазуда идея ұрлап тұрасыз ба
Біреудің ойлары ұнап қалып, соның негізінде бірнеше мақала жаздым.

Админдер өздерін жұлдыз санайды, сіз қаншалықты өзіңізді жұлдыз санайсыз
Мен ешкім емеспін. Ешкімнен артық емеспін. Жай ғана қазақ азаматымын. Қайта өмірде көп жетістікке жетіп, ізгілігі асқан адамдардың соңынан еріп, тамасаным.
Еркебұлан қандай талант иесісіз?
Асып бара жатқан ештеңем жоқ деп ойлаймын.