Егер мен жігіт болсам...
жеке
блог

Егер мен жігіт болсам...

«Егер мен жігіт болсам,

Түсіне алар едім

Қызды сүюдің қыр-сырын.

Ант етейін, мен керемет жігіт болар едім» - дейді танымал әнші Бейонс өзінің «If I were a boy» әнінде. Шындығында, әрбір қыз өмірінде бір рет болсын «жігіт болып неге тумадым екен» деген ойға беріледі. Қыз балаға ер адам болу оңай көрінеді. Ал жігіттерден ешқашан «қыз болсам ғой» деп армандағанын естімейсің. Керісінше, олар әрдайым ұл болып туылғанына шүкіршілік етеді. Бірақ сонда да, қыздардың өзіне тән бір артықшылықтары бар ғой. Мен осы сұрақты жігіттерге қойғым келіп отыр. Егер сіз қыз болып туылсаңыз, нені іске асырар едіңіз? Немесе қыз болып туылғанның қандай артықшылығы бар деп ойлайсыз?