Жан де Лабрюйер

Жан де Лабрюйер
жеке
блог

1645 жылы  10  тамызда Францияның Париж қаласында дүниеге келіп, 1696 жылы  мамырда Францияның Версаль қаласында дүние салады. Францияның ең танымал имамы (моралист).

   Герцог Бурбанскиийдің тәрбиешісі болып өмір жолы көп талқыға алынатын, өз мүмкіншілігінің жеткенінше адам бойынан байқай білетіні -  өмірге деген құштарлығы мен әсер етуші күштер,  игілікті істер мен адамдық «Ұлы әлемге деген жақындықтары. Табиғаттың сыйына берілген бұл байқампаздық қабілетін әдебиет жолындағы арман -мақсаттарына қолданды, бірақ өмір деген адамдар қауымынан аулақ болғанды қалады, қанша тырысып бақса да күні қарап тұрған Кондтан көп азап шегіп, зәбір көрді. Өзінің өзгелерден алыс жүргенін қалайтын ол, адам баласын жақын қабылдамайтын. Ішкі жан дүниесін тек  жұмыс үстінде рахаттандыра алатын. Өмірлік қабілетттерін ой туындылары мен эпиграммаларға, қысқа портреттрге арнады. Кітап сататын досы Мишелге өз шығармаларын жинақтап, сатуға ұсынды. Соңғы басылымдарында тәуекелге бет бұрып 300 000 франк пайда түсірді. 1687 жылы жарық көрген алғашқы басылымдары мазмұндылығымен біраз деңгейге жетелейді. 1694 жылы 8 басылымды, кең көлемде жарық көрді, негізгі бейнеленгендері Лабрюйердің академиялық ұлағаттары сөздері болатын.

                           Мінездері (Лабрюйердің)

«Caracters» Лабрюйердің өміріндегі ең бетке тұтар шығармасы 16 бөлімнен тұрады, оның 2 бөлімі «Церковь» шіркеу жайында терең мағынада көрсетілсе, сонымен қатар ойдың ауқымдалағы мен шексіздігіне де тоқталып өткен. Лабрюйердің ең сеніммен қарайтыны христиан діні болатын, ұнатпайтын жандары атейстер мен скептиктер. Ал қалған бөлімдерінде шынайылықты емес, бірақ таза философиялық сұрақтарды қамтыған. Өз өмірінде пірім деген жанды, тіпті сөзді де қолданған емес, адам мінездерінің барынша жағдайларының өлшемін көрсетеді. Әлемдік деңгейдегі философиялық көзқарастарының ұшқынын оның кітаптарынан, шығармаларынан байқай алмайсың. Сіз тек қана соңғы сән үлгілеріндегі кем-кетіктермен қандай да бір әділетсіздікті, адамның жағымсыз қылықтарын бейнелейтін,  бірақ бұлар бірыңғай емес, бір қиыры ғана. Өзі бақылап жүрген жерінің тұрғындарының жоғары сезімдері мен түйсіктерінің танымпаздығын бір-біріне деген қарым-қатынастарын, бастысы, «жүрек» жайлы мағлұматтармен қаншалықты дәрежеде куәлік етуге болатындығы ондағы нәзіктік пен махаббатқа баса назарға алады. Көптеген мінездемелерде қатігездік көлеңкесінен тұрады, автор қоғамнан көп зәбір көріп шаршаған сыңайлы және Тэн бұл жағдайда оны Ж.Ж. Руссомен салыстырады. Лабрюйердің басқалардан айырмашылығы портреттерінде, бұл – мақсатты түрі және толыққанды драмалық эпизодта ры, әсіресе – Эмирдің тым сылқымдығын, Гнатонның – өзімшіл эгоистігін, Менальканың – шашыранды жаңғалақтығын, Федонаның – тым нашар кедейлігін шебер суреттеген. Бұл портреттер Лабрюйердің  ұшқыр ойын, өмірлік тәжірибесінің  тыңғылықты шеберлігі мен тіл байлығын аңғартады. Замандастарының портреттерін өз заманында шебер жеткізе білген Лабрюйерге тарихи тұрғыдан кітаптарына деген ұсыныс әлі де көп, суреттеу шеберлігінің  нақтырақ  дәлелдемелерінде жоғары психологиялық, қызығушылық басым және таза, саф әдеби тұрақтылықты аңғартады.