Қазақ елі
жеке
блог

Қазақ елі

 

Дүниеде қазақ деген ұлт біреу. Демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы барша қазаққа тән. Оның ғажайып мол рухани қазынасы да бөліп жаруға жатпайтын, барлығымызға ортақ байлық.

Сондықтан сырттағы қазақтың әдебиеті, мәдениеті, өнері, Қазақстандағы қазақтың әдебиеті, мәдениеті, өнері деген қолдан жасалатын шек-шекара болмауға тиіс.

Тағдырдың жазуыменен туған топырақтан шеттеп кетуге мәжбүр болған ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны ата-жұртта және барша әлемге таныстыру – аса маңызды шаруа. Тәуелсіздікке ие болған кезден бері қарай бұған тиянақты назар аударыла бастады.