2050 стратегиясы нені түсіндірді?
жеке
блог

2050 стратегиясы нені түсіндірді?

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - деп жар салған мемлекетіміз сонау 1997 жылы ұлттық бірлікті, әлеуметтік әділеттілікті мақсат қойған 2030 стратегиясынан бастау алған жолдау, бүгінде, ақырғысын 2050-ге әкеп тіреді. Осы орайда, бұл стратегиядан не түсіндік? Мақсаты не? Қандай пайдасы немесе зияны?

Аталмыш стратегияның мақсаты – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қайда бет алдық?, деп басталатын стратегия, бастапқы орынға экономика саясатын қояды. Яғни, пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм. Осы жерде тоқталатын болсақ, қайтарым алу деп отырғанымыз – қарыз алу. Яғни, өркениетті елдердің инвестициялық үлгісіне сүйене отырып, өз мемлекетімізде де жаңа инвестиция жасау. Ол үшін үлкен қаржы керек. Ал, ол қаржыны алпауыт елдерден қарызға алады. Ол кейін қайтарыла ма, жоқ па? Қайтарылған жағдайда, қандай жолмен, қандай әрекетпен қайтарылады? Әлде тағы да сол қарызды қайтару үшін, басқа мемлекеттен қайтарым ала ма? Мәселе осында жатыр. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап, қазақ тілі кириллицадан латын әліпбиіне ауысады және оны еліміздің зиялы азаматтары қолдап отыр. Бұл мемлекеттік маңызы бар үлкен, жан-жақты қаралатын, сонымен қатар, тек қана зиялы азаматтардың қолдауы ғана емес, халықтың да пікірі маңызды рөл ойнайды. Тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл болды. Сол кезден бері қазақ тілі жырланып келеді. Тілдің деңгейін келістірмей жатып, латын әліпбиіне ауысамыз дейді. Қарап отырсақ, бұл іс ауысқан жағдайда экологиялық апат алып келуі мүмкін. Себебі, қаншама кітап, ғылыми дүниелерді жаңартады. Ол үшін ағаш, талдар кесіледі. Материалдық шығынға ұшырайды.

Жыл сайын Астананың туған күніне шетелдік әншілерді шақыратыны аздай, Экспо-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Кеше ғана бой көтерген әлемдегі ең жас қала, елордамыз Астана қаласын әлемге тамашалау. Әлі күнге дейін қаланың сырт жағында орналасқан баспаналардың отын жағып отырғанын басқа елге көрсетпекші ме? Қазақстан шет елге 32 миллиард қаржы қарыз екен. Ал, Экспо-2017 халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін, 14 миллиард қаржы керек. Ол қаржыны да басқа елден қарызға алады. Сонда қарыз жарты есеге көбейеді. Яғни, еліміз бұл көрмені ұйымдастыруға әлі дайын емес деген сөз. Бірақ, болар іс болды, бояуы сіңді. Қандай пайда, қандай зиян екенін, ең бастысы өзім түсіндім.

Ендігі ісіміз, келер күнге үлкен үмітпен қарайық.