Мен сіздерге нағыз музыканы сыйлаймын.

Мен сіздерге нағыз музыканы сыйлаймын.
жеке
блог

 

      Соңғы жылдары жұлдыз болуды армандайтын жас әншілерді жарыққа шығару қолға алынуда.  Болашағы бар,  бойында табиғи дарыны бар, өз ерекшелігі де жетерлік жанға қолдау көрсету керек.

      ADAM – Қазақстанда классикалық ритм-н-блюз жанры бойынша алғашқы орындаушы.

      Продюсерлердің ADAM-ды жарыққа шығарудағы басты мақсаты – жауыр болған бірсарынды музыка мен Қазақстан шоу-бизнесіне  бұрын  соңды болмаған, жаңа үлгідегі жаңалық әкелу. Орындаушының басты ерекшелігі – әнді  таза, шынайы орындаумен қатар драмматургия мен жан тебірентер, өмір тақырыбындағы әндерді тыңдармандардың жүрегіне жеткізу.

       «Сіздің санаңызға шынайылық, жүрегіңізге мейірімділік дәнін егіп, жаныңызды нағыз музыкамен сусындатамын. Мен сол үшін келдім. Қарсы алыңыздар!» -дейді ADAM.