Көктемгі "лихорадка"

Көктемгі "лихорадка"
жеке
блог

Аздап денсаулыққа байланысты үйде отырғандықтан да үйге сыймай жүрмін :). Шынымды айтсам көктемді асыға күтушілердің бірімін. Жылда наурызда өзіме мейрам толы күндер болады. Бір түрлі жеңілдеп, қуанып елдің бәрі қыздарды сыйлап күнде нұрын шашып қуантып тастайды. 

Өздерің елестетіңдерші: күн жып- жылы, сен қыс бойы тасыған ауыр киімдеріңді шешесің, қыздар небір сәнді әдемі киімдер киеді, тақиядан құтылып шаштарын сәндеп қала да дала да құлпырып шыға келеді. Паркке қыдырамыз, көп жаяу жүреміз.Осыны елестетсем болды бір түрлі қуанып кетем ше :)

Үйде отырғанның маған пайдасы тиіп жатыр :). Екі кітап оқыдым, сериалдың түбін түсіріп қарап жүрмін. Бір досым айтпақшы, кәдімгідей тв сыншы, сериал жібермеуші телеарна қожайынымын :).  Мамаларға анау- мынау пісіріп өзімше поварсымақ та болып жүрмін. Жалпы бұның бәрі көктемнің әсері болар. 


Айтпақшы, Шымкентте болатын "BlogCamp 2013. Шымкент" дайындалып жатырмын. Бұйырса 6.03 күні сағат 19 00 де алматылық блоггерлер жиналып бірге билет алуға барамыз. Бірге барамыз десеңіздер 2- вокзалға келіңіздер :). 

 

Ол не деген сұрақтар туса, мына сілтемеге, мына сілтемеге өтсеңіз бәрін білуге болады. Кейінірек тағы да түсіндірулерді кеңінен тоқталып өтем. Жалпы ақпаратты блогкэмптің өз сайтынан толығырақ біле аласыз. 

Әзірге осы :)