Арман

Арман
жеке
блог

Арман адамзат баласына Құдайдың берген үлкен бір сыйы. Біз армандай отырып өз қалағанымызға бір табан жақындай түсеміз. Қазір сағат түнгі үш жарым. Түңгі тыныштық, қыбырсыз қараңғылықтың құшағында ҚазҰУ қалашығы. Иә, бүгін барлығымыз армандайықшы. Қарбаласта біз өз арманымызды ұмытып кетеміз де, барлығын сырғытып ертеңгі күнге итере сарамыз. (Мен де солай боп тұрады). Ал арманың орындалсың десеңіз олай етуге болмайды екен. Таңертең ұйқыдан тұрасыз, біреу жұмысқа, біреу сабаққа тағысын тағылар асыға кете барады. Бүреуі автобуста ұйқысын жалғастырады. Міне, сондай кезде өз арманыңазды тағы ойлаңыз, сонда сіздің басталған күніңізді тиімді пайдаланасыз. Жиі армандау ғалымдар ойынша ойдың жүзеге асуына тікелей әсер етеді екен. Мен қазір армандап отырып құшағыма әлемді сыйғызып жібергендеймін. Ойлап қараңызшы, егер бүкіл әлем қазақ тілінде сөйлесе, тіпті керемет болар еді. Қазақ журналистерінен ақпарат 200 шетел мемлекеттеріне тарап жатса... ой тамаша болар еді... Ал мен болашақта медиаорталық ашқым келеді. Я болмаса ... басқа бірнәрсе... Әйтеуір пайдалы затпен айналысқым келеді. Әйтеуір, не ойласақ та жақсылықты ойлайық, жақсы армандайық, армандарымызды жүзеге асырайық...