Саған тілек

Саған тілек
жеке
блог

Бір тілек

 

Болса дағы ғалымдардың мол мұрасы,

Шертілмейді көңілімнің домбырасы.

Оған себеп заңдарға бағынатын

Өмірде жоқ «Ұмытудың формуласы».

 

Бар нәрсеге адамзат  алаңдаған,

Бағындырған Айды да, бара алмаған.

Сөйте тұра, шыдамның шегіменен

Төзімінің тұрағын таба алмаған.

 

Мұхиттың асса дағы ар жағына,

Шомылса да теңіздің маржанына.

Кейде жетпей ойының етегіне,

Таба алмайды барар жол арманына.

 

Сансыз жұлдыз бейнесі сан ғұмырдың,

Олар басты кейіпкері мәңгі жырдың.

Сол секілді ешкімге ұқсамайтын,

Жұлдызы бол қайталанбас  тағдырыңның.