Медиа - әскер

Медиа - әскер
жеке
блог

ХХI ғасыр ақпараттық қоғам болғандықтан, заманымыз тікелей біздерге, яғни журналистерге бағынышты. Қазіргі таңда әлем ақпарат арқылы басқарылып отыр. Жаһандану қарсаңында жаңалықсыз, хабарсыз қалу - көзіңіз бен құлағыңыздан айырылумен тең. Ендеше, біздің алдымызда, өзгелерден кенже қалмас үшін ақпараттық технологиясы қарыштап тұрған, дамыған мемлекеттерден үлгі алып, тәжірибе алмасу арқылы өзіндік тәсіл қалыптастыру міндеті тұр.

       Қазақстандағы зерттеу университетіне айналған ҚазҰУ-дың кез-келген факультетінің студенттері шет елге «студент алмасу» бағдарламасы арқылы оқуына жол ашылды. Бүгінде қай бағдарлама арқылы болмасын, шет елден білім алып жатқандардың саны артуда. Басты талап – ағылшын, немесе өзге де шет тілін меңгеру.

        Бүгінде АҚШ–тың ақпарат агенттіктері күллі әлемді жаңалықпен қамтамасыз етіп отырғандығы аян. Ондағы ақпарат оперативті және  сенімді.Тіпті Ресейдің өзі жаңа хабарларды АҚШ-тан көшіреді. Ал біз Ресейден көшіріп отырмыз, сондықтан да біздің бағдарламалар сапасыз. Алайда, біздің бағдарламалар мен басқа да дүниелерді түп нұсқадан алуға әбден мүмкіндігіміз бар, ол үшін тікелей АҚШ-пен байланыста болуымыз керек.яндекс

         Бүгінгі Қазақстанның БАҚ-ң жағдайы сын көтермейді. Оның себебі телеарналар жөнінде айтар болсақ, Ресейдің « 1 арнасының» рейтінгі біздің елімізде асқақтап тұр. Ал «Хабар» мен «Қазақстанның» рейтінгі «КТК» мен «31 арнадан» да төмен. Таза қазақ тілінде шығып тұрғаны тек бір ғана «Қазақстан». Оның өзінде «Қазақстан» арнасындағы хабарларды арнайы «production студиялар» түсіріп, дайындап береді. Мәселен, «Адам production» студиясына «Екі жұлдыз» бағдарламасын түсіргені үшін қыруар қаржы төленді, әйтсе де студияның ісіне араласуға тыйым салынған, тіптен, сценариі де берілмейді. Ал жақында ғана ашылған «Балапанда» бір де бір бағдарлама түсірілмейді, барлық хабарды түгелдей дерлік жеке меншік студиялардан сатып алып отыр. Егер студияларға емес, жаңа арна ашылғандығы үшін бүкіл Қазақстанның журналистері мен балаларға жаңа жобалар бәйгесін ұйымдастырса, телеканал қаржыны өзіне жұмсап, оны айналымға түсіре алар еді. Ал олар керісінше, көп күш жұмсағысы келмейтін тәрізді.

      Медиа – ол әскер, өз әскеріңді жарақтандырмасаң, басқаның әскерін тойғызуға тура келеді. АҚШ пен Қазақстандағы журналистиканың басты айырмашылығы: АҚШ ақпаратқа тауар ретінде қарайды. Яғни, кімде сапалы тауар бар, сол сұранысқа ие. Газет болсын, телеарна болсын ол өзін өзі қамтамасыз етуі керек, ол да бизнестің бір түрі. АҚШ газеттерін арнайы экономист мамандар басқарса, біздің елімізде өзі жазып жүрген журанлист басшылық етеді. Сондықтан, оның газеттің экономикалық жағынан гөрі көбінесе, өз көзқарасы қызықтырады.

           Ақпараттың көптігі соншалықты адамдар әр сайттағы жаңалықтарды ақтарғысы келмейді. Бұл тұста журналистердің болған оқиғаларды түйіндеп, сараптап беруі адамдардың сенімін туғызады. Журналистер қоғамға өте қажет және олар еліміздің әлемде алар орнына жауапты.яндекс