Модель болам десеңіз...

Модель болам десеңіз...
жеке
блог

Сәлем достар...! Массагеттік қыздар оқысын деп жаздым.

 

 Қазіргі таңда жалпы модельер қыздардың 60 пайызы қазақ қыздары екен. Ал модель қазақ жігіттері өте сирек.  Өйткені сән көрсету қазақ жігіттерінің табиғатына, болмысына келе бермейді. Көбінесе модельдікке ерекше қыздарды іздейді.Модельер болғысы келетін қыздың түрі азиаттық бейнеде болуы керек.

Фотомодель мен подиумда жүретін модельдердің айырмашылығы көп. Фотомодель ең біріншіден, түрі ерекше болып, камерамен жұмыс істей білу керек.Бірақ, бой ұзындығы маңызды емес.Ал, подиумда жүру үшін бойың 175сантиметрден кем болмауы тиіс. Салмақ мәселесі тағы бар. Модельердің орташа салмағы 48-50 болады екен.

Модель болу үшін: Ең аласа дегенде 12 см биік өкшлі аяқкиімде қандай жағдайда болмасын тепе-теңдікті сақтап, тік жүре алуы керек;Ұн өнімдерін, мейлінше нанды көп мөлшерде жемеуге тырысасыз және көкөніс пен күріштен жасалған тағам жеуге тура келеді.Бір ескеретін жағдай: Ешқашан портфолиосыз модель болмайды. Портфолио--әрбір модельдің "визиткасы", мінездемесі іспеттес. Портфолио неге керек дейсіз ғой? Мұның ішіне бірнеше суретіңді бір фотоальбомға салып, оны кез келген жерде "міне, менің камера алдындағы жұмысым" деп көрсетесін.

Модельер болу сырт көзге қарағанда тіптен оңай секілді. Суретке түсесін немесе қызыл кілем үстінді жүре салу секілді. Бірақ мұның өзіне өте ауыр жұмыс. Тіпті подиумда әрбір басқан қадамыңныңда арасы шектеулі екен.

Оқыңыздар! Бәрімізгеде керек дүние.