Пара алудан бiрiншi орынға шықты
26 тамыз Қазақстан IIМ-нiң жол полициясы комитетiнiң мәлiметiнше, Алматы облысының жол сақшылары бiрiншi орында екен.
“Неден?” деп сұрасаңызшы ендi. Пара алудан! 2012 жылы елiмiз бойынша 22 жол полицейi заңсыз ақша алу үстiнде қолға түскен. “Олардың басым бөлiгi Алматы облысының жол сақшылары”, – дейдi комитет өкiлдер
темір жолдан өтемін деп, пойыздың астында қалды
25 тамыз. Қарағанды облысының Жаңа Қарағанды стансасында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды «Локомотив» АҚ баспасөз қызметінен.
23 тамыз күні 37 жасар қала тұрғыны темір жолдағы жүк вагондарын айналып жүруге ерініп, астымен өтіп кетпек болады. Пойыз кенет қозғала бастағанда азаматшаның аяғы жүк тиелген вагон доңғалағының астында қалып қояды.
«Стансада тұрған вагондардың бәрі де жұмыс істейді, сондықтан, оның кез келген уақытта қозғалатынын ұмытпайық», - дейді баспасөз қызметінің мамандары.
Еден жумаған сарбаз қамауға алынды
Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 23.08.2013 жылғы қаулысымен командирінің бұйрығын орындаудан бас тартқаны үшін Шымкент қаласы №6698 санды әскери бөлімнің атқыштар взводының мерзімді әскери қызметшісі Қ... 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Қ... 19.08.2013 жылы сағат 07:10 шамасында атқыштар взводының 2013 жылдың тамыз айына бекітілген кестесі бойынша кезекшілікте өзінің тікелей бастығы, осы взвод командирі лейтенант А...-ның взводтың жатын бөлмесіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, еденді сүртіп шық деген бұйрығын ашықтан-ашық орындамаған.
Сотта түсінік берген Қ... өзінің айыбын толық мойындап, өкініп, 10.08.2013 жылы әскери бөлімде командирдің бұйрығын шаршап тұрған соң орындаудан бас тартқанын көрсетті.
Сот прокурордың құқық бұзушыны бес тәулікке әкімшілік қамауға алуға жатады деген қорытындысын және құқық бұзушының түсінігін тыңдап, Қ...-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 512-4 бабымен айыпты деп танып, осы баппен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды
Кәмелет жасына толмаған қыздарға жәбір көрсеткен тәртіп сақшысы құрықталды
Қостанай облысында кәмілет жасына толмаған қызды зорлаған құқық қорғаушы құрықталды деп хабарлайды.
Кенжесариев есін жия бастады
«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Эмель Кенжесариев есін жия бастады. Дәрігерлердің айтуынша, қазір спортшы жасанды тыныс алу аппаратынсыз өз бетімен тыныстап жатыр.
«Бүгінгі таңда футболшының жағдайы бір қалыпты. Қазір спортшы жасанды тыныс алу аппаратынсыз өз бетімен тыныс алуда. Эмельдің алған жарақаты тым ауыр болғандықтан әлі де есін толық жиған жоқ. Алайда, оның ертерек сауығып кету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаудамыз. Бір сөзбен айтқанда, оның жағдайы күн санап жақсарып келеді»,-дейді Алматы қаласы ЖЖА-ның бас дәрігерінің орынбасары Рүстем Қадырбаев.
Естеріңізде болса, 11 тамыз күні Эмель Кенжесариев ауыр соққыға жығылып, ауруханаға жеткізілген еді. Оған алматылық дәрігерлер екі рет ота жасаған болатын. Соңыра белгілі болғандай, футболшыны соққыға жықты деген күдікпен Алматыдағы караоке-бардың күзетшісі қолға түсті. Айыпталушының айтуынша, Эмель екеуінің арасында төбелес орын алған. Алайда, спортшы өз бетімен таксиге отырып кеткен.