Массагет пен СТВ арнасының бірлескен жобасы - "Өмір тынысы" бағдарламасы

Массагет пен СТВ арнасының бірлескен жобасы - "Өмір тынысы" бағдарламасы
жеке
блог

Массагет порталы мен СТВ арнасының бірлескен жобасы "Өмір тынысы" бағдарламасының уақыты көпшіліктің сұрауы бойынша өзгертілді. Енді бағдарлама әр жексенбі сайын сағат 19:30-да жарық көреді. Ал жексенбі күні бағдарламаны көре алмаған жандар сейсенбі күні сағат 21:00-де тамашалай алады.

Ертеңгі бағдарламадан көретіндеріңіз:

Массагет осы аптада қандай пайдалы кеңестер берді?!

Еркебұлан Қайрахан көрермендер назарына қандай қызықты видеоны ұсынады?

Бағдарлама жүргізушісі Айман Нұрмағанбет массагеттен қандай ақпараттарды іріктеп алды?

Домбырашы Андрей Фендриковтың сұхбаттының эфирлік нұсқасы қалай өтті?

Ғазиза Ұзақ елден не үшін "Сүйінші" сұрап жүр?

Нұрлан Албанның шәкірттері осы аптада қандай игі шара өткізді?

Осы және басқа да қызықты жаңалықтар 30 минут көлемінде айтылатын болады. СТВ арнасын ертең сағат 19:30-да қосуды ұмытпаңыздар, достар!!!

Эфирде жүздескенше!