Кең далам

Кең далам
жеке
блог

Неге мұнша мейірімсіз қала тым?

Күндік қамын ойлап жүрген бір адам.

Тіпті көкке қағылмайды қанатым

Мен даланы аңсап тұрып сұранам.

 

Кең далама асығамын, алысқа

Қағу үшін қанатымды қаттырақ.

Болғанменен бәсеке де, жарыс та

Қала менің жүрегіме жат бірақ.

 

Тұнық ауа, мөлдір аспан, самал жел,

Еркіңнен тыс бесігіне бөлейді.

Жазық дала дегендейін «маған кел»

Құласаң да өзі күшпен демейді.

 

Иісі де танауыңды жаратын,

Ұқсамайды ештеңеге бөлек тым.

Туған жерім бір мен үшін дара тым,

Дала маған, мен далаға керекпін!