өзім жайлы

1992 жылдың 23 шілдесінде, күн аспан төріне шығып, жеміс-жидектің пісіп, ауаның қапырық, судың 1 секундта кеуіп үлгеретін шанқай түсінде туылыппын. Бойым - 169,9 немесе 170. Салмағым - азды-көпті тәбетіме байланысты))))))) Өмірлік ұстанымым-ТАСПЕН ҰРҒАНДЫ АСПЕН ҰР! Қолым бос болса бөлме жинағанды жақсы көремін, әрі қызық үшін түрлі-түсті тағамдар дайындаймын. Кейде шабытыма қарай өлең жаттайтын әдетім бар. Бұрын, (жас кезде ғой)  өсекші газеттерді көп оқығандықтан ба әңгіме жазуға құмарым ауады да тұрады. Соған қарап әңгімелерім де өсекші болып бара жатқандай ма қалай деген ойға қалам? Ситуацияға қарап өзгере алмаймын, сол кезде қандаймын мінезім өзгермейді. Бірақ, "өте бірбеткейсің" дейді мені жақсы танитын сымақтар. Солай да шығар. Кім білсін? Бұрын сын көтере алмаушы едім, қазір жас келген сайын (өзіңнен кішіні көрсең қартайғаныңды ұғасың деген) сынды да сықиып тұрып қабылдайтын болдық. Тұп-тура осы жерден аттың басын қайырмасам кете берем, қолым берекелі, бірдеме жазсам ашыған қамырдай шарасынан шығарып жіберем. Біреулер ренжіп жатады "қысқартшы" деп. Сол үшін қысқа  әрі нұсқа айтар болсақ, мен туралы мәлімет осы!



Бөлісу: