жеке
блог

Өмір неткен керемет!

 

             Бақыт деген не?  Қандай адамды бақытты жан деуге болады? Бұл сұраққа әлі күнге нақты жауап бере  алған жоқ. Себебі бақыт дегеннің өз өлшемі, көлемі  немесе белгілі бір мекені жоқ абстрактлі  ұғым. Маған бақыт деген әр қырынан әрқалай байқалатын құбылмалы асыл тас секілді сезіледі. Себебі, асыл тасты бір адам көгілдір десе, екіншісі күлгін түсті деуі мүмкін. Бұл олардың көз жанарының көру қабілеттерінің  ерекшелігінен емес, сол  тастың әр түсте көріне алатын құбылмалы сипатында. Меніңше бақыт деген де осы асыл тас секілді. Әркімнің өз бағалауына байланысты бағамдалатын өзгеше құбылыс. Біреу байлықты бақыт деп бағаласа, Біреу Тәңірдің берген тума талантын бақыт деп таниды. Ауру меңдеген жан –денсаулықты, зағип жан жарқыраған жанарды, баласы жоқ жандар-нәрестелі болуды, жетімдер үйіндегі жаутаң көздер-ата анасының құшағында болуды, өнер адамдары «жұлдыз» болуды бақыт деп ұғады. Айта берсе, жер жүзінде қанша жан болса , бақыт туралы сонша түсінік бар. Тіпті күнделікті күйкі тіршілік түкке тұрмас ұсақ түйектің өзін бақытқа бағалайтындар да баршылық.

          Негізгі тақырыпқа кіріспес бұрын бақыт туралы толғанысымның  себебі  соңғы кезде жас өспірімдер болсын. Ересектер арасында болсын. Өзіне өзі қол жұмсау арқылы өмірмен қоштасу жиілеп кетті.

        Ал бұл дүниеден баз кешуге өмірде жолы болмаған өздерін бақытсыз деп санаған сары уайым иелері бейім келеді.

        Адамдардың бай, кедей болып топқа бөлінушілік анық байқалған қазіргі заманда бақыттың өлшемі бағалы қағазға байланып қалғандай. Соның өзінде сол асқан байлықтың өзі иесінің басын жұтуға бірден бір себепкер болатынын ойлай бермейді. Олай  болса «мың күнгі пейіштен, бір күнгі жарық дүние артық» -дегендей, белшеден артық бай болып үрейде өмір сүргенше, қанағатпен қарын тойдырған, қарапайым тіршілік артық емес пе? Кейбір жандар" мен бақытсызбын, құдай мені неге мұнша бақытсызқылып жаратты екен"  деп жатады. Біз күнделікті сәттілікпен аяқталған істің барлығын бақыт деп, ал  ұсақ-түйек сәтсіздіктің бәрін бақытсыздық деп қабылдаймыз да өзімізден –өзіміз  еңсеміз түсіп езілеміз. Басқаның «бақытын күндеп », мен неге сондай болмадым деп  күрсінумен  күн өткізу адамның жігерін жасытып өзіне деген сенімсіздікті туғызады. Оның бәрі қолдағы барға қанағат етуге үндейтін, бардың  қадірін білуге баулитын ТӘУБЕ деген ұлы ұғымды ұмытқанымыздан шығар. Көп қателіктерге бой алдырып, күншілдік отының  қозатыны да сол себептен болар деп ойлаймын. Осының бәрі жоғарыда айтылған сол бақыт туралы түсінікті тар шеңберде қарастырғандықтан сияқты. Сондықтан адам баласы жас кезінен ең бастысы «бармын»деп аспай, «жоқпын»деп жасымай, қолда барға қанағат етіп үйренсе үлкейген кезінде де қиындықтан қорықпай одан шығудың жолын іздейді және оны таба біледі.

           Тіпті күйзелген кезде де күйректікке салынбайды. Ал мінезі керсінше қалыптасса соны орны толмас өкінішке ұрындырары хақ. Олар қиындықтан ең оңай жолы өзіне –өзі қол жұмсап дүниеден  баз кешу деп ұғады.

           Бұл дүниеден өтердегі осы соңғы әрекеті мен өсектің өртіне тамыздық тастап, жақындарының жанын жаралап өмірмен қоштасады.

Кім ұтты ?                                                    Кім ұтылды  ?

Ажал ұтты                                                    Өмір ұтылды.

Қорытындыны өзің жаса, Оқырман!!!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі