жеке
блог

Түнгі қала

Түнгі қала...

Сырың көп менен жасырған,

Беймаза күйің ұйқысын жұрттың қашырған.

Қойның да толы жанды қуыршақ секілді,

«Қожайындары» айласын көптен асырған.

 

Көбелек десем көбелекке де келмейді,

Жіберсең-дағы жаныштап, тіпті өлмейді.

Құстар ма десең, ұшыратұғын үркітіп,

Қумақ түгілі, қорқытқаныңа көнбейді.

 

Қуыршақ па екен, абыройсыз ғой бұл тіпті,

Басынғаны да, сайтандар әбден түртіпті.

Түнгі қаладан түнгі ләззатты табам деп,

Қаракөздерім қазақтың қанын құртыпты.

 

Есепке алмай қырық үйдегі тиымды,

Мөлдір жанарлар қараңғылыққа жиылды.

Бабалар қатты күйзеліп жатқан шығар-ау,

Тапталған ар мен көргенде көктен күйіңді.

 

Заманның, сірә, ақыры шығар таяған,

Сатып ап жатыр тәндерді тексіз бай ағам.

Әлі де Тәңірім ойранға жасап кешірім,

Парықсыз, пасық пендесін әр кез аяған.

 

Аққуға теңеп аруын қазақ, асылын,

Сырт көзден сақтап ұстаған еді-ау жасырын.

Қазақтың қызы! Ардақты анаң жол салған,

Оралса екен ғажайып сенің ғасырың!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі