Есейіп келем...

Есейіп келем...
жеке
блог

Есейіп келем жыл өткен сайын,

Есейіп келем ес біліп.

Түсінем қазір күнкөріс жайын,

Бойыма біткен естілік.

 

Есейген сайын мазам да қашқан,

Ойлаумен өткен күндерім.

Мазалап миды, еңсемді басқан,

Ұйқысыз өткен түндерім.

 

Сұрақтар қаулап, жауапсыз қалған,

Шешуі қиын жұмбақтар.

Тұншыққан іште таусылмас арман,

Жыр шумақтарым мың қатпар.

 

Есейгім келмей өлең жазғаным,

Есеюден емес қашқаным.

Бір өкініштісі –

Балдәурен шақтың албырт наздарын

Еріксіз ұмыта бастадым.