Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Магия

Магия

Магия

 

Магия (лат.сиқыршылық, алдап-арбау) – ерекше тәсілмен қажетті нәтижені алу үшін қолданылатын сиқыршылық ғұрыптардың, іс-әрекеттердің (жеке және ұжымдық) символдық образы; адамдардың өз бойында табиғатқа әсер етуге табиғаттан тыс күштердің барына сенімі.

         Біздің арғы ата-бабаларымыз магияны табиғатпен қарым-қатынас жасау құралы ретінде және бір-бірімен өзара байланыста қолданды. Сол себепті бірнеше түрде көрініс тапты.

1). Өндірістік магия (аң аулау, балық аулау, терімшілік). Мысалға, Меланезиядағы Тробрианд аралдарындағы тайпалар өмірін зерттеген ағылшын этнографы Б.Малиновский (1884-1942) магияның ол тайпаларда өнімі тұрақсыз болатын таро мен ямса өсімдіктерін отырғызу кезінде қолданылатынын, бірақ жақсы жеміс беретін жеміс ағаштарын отырғызуға қолданылмайтынын  айтады. Балық аулауда магиялық тәсілдер адам өміріне қауіпті балықтар мен акулаларды аулағанда қолданылса, ал қауіпсіз ұсақ балықтарды аулағанда керек болмайды. Қайық жасауда магия қолданылса, үй тұрғызуда қолданылмайды. Ерекше шеберлікті қажет ететін қатты ағаштардан кесетін заттар жасауда магия жүрсе, жұмсақ, жеңіл ағаштарды пайдалануда магия жүрмейді.

         Ал ырымшыл малайлықтар суға баланың қырқылған шашын араластырып, онымен жақсы өнім берсін деп ағашты суғаратын. Тимор аралдарында  өзін құрметтейтін бақшашы жас баланың шашынсыз бақшаға келмейтін. Ол шашты банан жапырағына орап оны кокос пальмасына іліп қоятын  болған (бұлай істесе басқа тыңайтқышқа қарағанда шаш көбірек өнім береді деп сенген).

         Жер өңдеушілік магия (өндірістік) кейбір халықтарда жерлеу ғұрпымен астасып кеткен. Бұл ерекшелік Ерте Русьті зерттеуші Б.А.Рыбаковтың  «Ежелгі славяндардағы көпқұдайлық», «Ерте Русьтегі көпқұдайлық» деген монографиялық еңбектерінде жете жазылған.

         «Ерте Русьтегі көпқұдайлық» атты еңбегінде ол: «Алғашқы өнімнен тамақ жасалатын ыдыс көбінесе қасиетті саналады, ал бұл келесідей мағыналық байланысты құрайды: қайтыс болған ата-баба ұрпақтарының жайлы өмірі мен мол өнім алуына әсер етеді. Өлген адамның жаны оның денесін өртеген жалынмен бірге көкке көтеріліп кетеді, бұл өнім алуға әсер етеді; ал қалған күлі «мал» ыдысына» салынып, олалғаш өнім алатын кезде жасалатын ритуалды тағамды дайындауға қолданылады. Өлген ата-бабасының күлі салынған ыдыс жерге көміліп, үстінен үйшік немесе қорған салынатын болған. Күл мен оған берілетін «сыйлықтар» жерге көмілетін. Бұл славяндардың өнім алуына әсер етеді деп сенілді. Осылайша, бифуркация, яғни өлген адамның магиялық күшінің екіге бөлінуі жүреді: жаны аспанға ұшып кетсе, денесі жерде қалды. Аң аулауға дейінгі, аң аулау кезі мен ол аяқталғанға дейінгі магиялық іс-әрекеттер көп түрлі және өте күрделі болды. Мысалға, жануарды аңшыдан тығыла алмауы  үшін «сиқырлау» қажет болды. Бұл мақсатта би мен дұғалау (заклинания) жүйесі қолданылды. Мәселен, америкалық үндістер бизондарға шабуылды бейнелейтін билер орындайтын. Билеу бір уақыттары 2-3 сағатқа созылатын. Бір уақыттары биге қатысушылардың ішінен шаршаған біреуі бар денесімен алға еңкейіп, құлайтын ыңғай білдіреді. Сол уақытта оған садақтан ұшы жоқ жебе атылады. Үндіс өлген бизонға ұқсап жерге құлайды. Сол кезде оған аңшылар келіп оны шетке сүйрейді де бизонды сойған көрініс жасайды. Бұдан кейін ол демалады да оның би шеңберіндегі орнын басқа адам алмастырады.

         Бұның бәрі белгілі дін тарихшысы С.А.Токаревтың жазғанындай, «магиялық ұғым-түсініктер мен іс-әрекеттер қандай қандай жерде пайда болмасын, олар адам өз күшіне сенбеген уақытта,өзін табиғат күшінің билігінде сезінгенде  және өзінің қабылеті жетпейтін нәрсені басқа адамға жүктегенде пайда болады».

         Емдік магия. Оның  мақсаты – ауруды емдеу. Ол халық медицинасымен тығыз байланысты (одан түбегейлі ерекшеленетін болса да). Емдік магия – бұл дуалау, сиқырлау мен басқа да ауруларға әсер ететін «сиқыршылық» тәсілдер. Халық медицинасы емдеу методтарының көп ғасырлық тәжірибесіне сүйенген  рационалды тәсілдерді қолданады: гомеопатия (ауруды дәрілік заттардың аз мөлшерімен емдеу тәсілі), фитотерапия (шөптесін өсімдіктермен емдеу), массаж, булау, ине сұғу, т.б.     

 

 

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 21 ақпан 2013, 16:32
Тегтер: Магия сиқыршылық, алдап-арбау

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.