макала

макала
жеке
блог

   Муниципалды қоғамдық көліктер қиындық тудырып жүрген жоқ па?

 

Бүгінде  жүгенсіз кеткен көліктер мен тәжірбиесі  аз,жас көлік жүргізушілерінің кінәсінан қаншама жол апаты тіркеліп,біршамасы көз жұмып жатса,бұған парк басшылары  мен полиция қызметінің инспекторлары мұндай үлкен автокөліктердің жол апатына ұшырауына көбіне техникалық ақаулардың түрткі болуы мен жүргізушілердің басым көпшілігінің жастар екенін алға тартатын.Ал,биыл  сол олқылықтардың орны толғандай боп,бәрімізге белгілі Алматылық тұрғындардың игілігі үшін 100 ден аса Оңт.Кореялық автобус ескі қоғамдық көліктердің орнын алмастырды.Еуропалық талаптарға сай,жаңа көліктердің сырт келбеті мен сапасы да жаман емес сияқты әзірге.Әзірге,өйткені,қызмет көрсету сапасы әлі де болса нашар.Себебі,барлық мәселе валидаторға байланысты.Валидатор демекші,неге онда валидаторды орнатты,артықшылығы қандай деген сынды түрлі  сұрақтардың тууы мүмкін. Орынды,әрине.Енді соған тоқталсам, валидатор - әмбебап терминал.Яғни,автоматты түрде ақшаны қабылдайды, төлем туралы деректердi хабарлайды  және  деректердi жинақтау жүйесiне жiбередi. Осы арқылы автопарктердiң пайдасын бақылайды. Ал кондукторлармен салыстырғанда қандай айырмашылық бар десеңіз,біріншіден,мұнда біз айтатындай,дөрекі,мәдениетсіз сөйлейтін кондуктор жоқ.Кондуктор қызметін валидатор атқарады.Екіншіден,валидатор арқылы жолақысын  қай уақытта төлеп билет алғандығыңыз  жайлы ,қазір қай жерде келе жатсыз  және келесі қандай аялдама екені туралы сондай-ақ,жолдың қауіпті аумағы туралы  екі тілде дауыстап хабарлама айтылуы арқылы ақпарат ала аласыз, сонымен қатар  бейне  камералар арқылы бақылауда боласыз. Бұл валидатордың атқаратын қызметі мен ерекшелігі.Үшіншіден,валидаторды орнатқандағы басты мақсат мәдениеті жағынан өзге елдермен тең болу еді.Яғни,біздің де елде мәдениеттің орнауы үшін.Бірақ,өкінішке орай олай емес.Біздің санамызды   - кондуктор жоқ болса ,демек төлемеуге болады,өйткені  ешкім тексермейді,кім тексереді дейсің ,қойшы,бәрібір сол жүргізушінің қалтасына кетеді ғой.....деген сияқты түрлі ойлар жаулап алған. Бірақ шындығына келгенде олай емес.Өйткені бұл автокөліктер мемлекеттік және жүргізушілердің бұдан басқа ай сайынғы алатын жалақысы бар.Әрине бұл пенделік әрекет,өйткені бәріміз пендеміз.Десе де бұл біздің біреу тексерсе де,тексермесе де талап-ережеге сай жүріп өткен жолымның ақысын төлеп шығуым керек деген санамыздың қалыптаспағанын көрсетеді.Осыдан  келіп кондукторларға қарағанда жолаушылар мәдениетінің төмен әлі қалыптаса коймағанын аңғаруға болады.Сөзімнің басында,қызмет көрсету сапасы жайлы айтқан едім.Бұған өзімнің күнделікті қатынайтын №32..№79.№34.муниципалды қоғамдық көліктерден көріп-байқап жүргендерімді басты нысана етіп айтуымы тура келеді.Өйткені мұндағы жағдай былай......сөзім жалаң болмас үшін сөзімді  бірінші хабарламадан бастасам.Мұнда,

 Құрметті  жолаушылар!!! Қоғамдық жолаушылар көлігі ережелері бойынша трамвайларда,тролейбустарда ж.е муниципалдық автобустарда жол ақысы көлікке кірген бойда ескертусіз-ақ екінші аялдамаға дейін төленіп,билет сапар аяқталғанға дейін сақталуы тиіс.Билетсіз жүрген жолаушыға 400 тг.айыппұл салынады. Сондай-ақ,қандай да бір түсінбестік болмас үшін,жолақысын  тек валидаторға құйыңыздар.Жалған,кондукторларға ақша төлемеңіздер,ақшаларыңызды жүргізушіге майдалатпаңыздар.Валидатор істемей тұрса,дереу мына телефондарға қоңырау шалып,хабарласуларыңызды сұраймыз.      Әкімшілік делінген.

Трол.парк №1-375-07-34 №3-396-75-52 Тром.депо-233-82-71

Best Card -244-92-00 

Осы орайда,валидатордың ірі ақшаларды қабылдамай тек жолақысының құны 50 теңгені ғана қабылдайтыны, кейде тіпті,ақшаңызды  алып тұрып,билет бермеуі немесе істемей қалуы жайлы айтылмаған..Бірақ,шындығына келгенде солай! .Осылайша  түрлі қиындықтарға жолықтырады.Қалай дейсіз ғой?

Байқап тұрғанымыздай,әкімшіліктің ережесі мен талабы осындай.Мәселен,сізде майда 50тг.жоқ.Не істейсіз?Жолаушыларда  да жоқ.Ал көлік жүргізушісіне немесе кондукторға төлеуге,майдалатуға болмайды.Осылай тұрғанда,билет тексерушілері кіріп келіп,тексере бастайды.Сізде жоқ.Себебін сұрамастан бірден  ілулі тұрған ережелерін айта жөнеліп,400 тг.деп айыппұл төлетеді.Ережеге сәйкес,жолақысын төлеп,билет алуыңыз керек еді.Бірақ алмадыңыз,өйткені майда ақшаңыз болмады ж.е ешкім майдалай алмады. Кім кінәлі? Бұл  билет тексерушілердің кіріп,тексергендегі әрекеті.Ал,егер төлейтін ақшаңыз майда болмай,билет алмасаңыз,билет тексерушілері кіріп тексермей жатса,демек барар жеріңізге дейін тегін бара аласыз деген сөз.Әрине осылай,басқаша болу мүлдем мүмкін емес.Екінші жағдай ,валидатор-50тг.алып тұрып,билет бермесе...Яғни,билет бітті немесе валидатор істемей қалды.Мұндайда көлік хабарландыруындағы мекен-жайға дереу  қоңырау шалып,хабарласуға хақылысыз.Бірақ хабарласпайсыз.Өйткені сол мезетте қандай да бір шара қолданбайтынын  білесіз.Ал кей уақытта,көлік жүргізушілерінің  өзі қоғамдық жолаушылар ережесін бұзып,майдалату керек болса майдалап,валидатор істемей,билет жоқ болса,билет деп  орнына билет кейпіндегі  жазу-сызусыз,таза ақ парақ беретіндерін көріп-байқап жатамыз.....Сонда,талап-ереже кім үшін,қоғамдық көліктердегі мұндай қолайсыз әрекеттер  мен келеңсіз жәйттарға кім кінәлі? Және мұндай әрекеттер көлік жүргізушісіне де жолаушыларға да кері әсерін тигізіп жатқан жоқпа...?!

 

Нұргүл Нұрадинқызы

ҚазҰУ журналистика ф.і

blogs.e.gov.com