Табылмаған тақырып

Табылмаған тақырып
жеке
блог

        Сәлеметсіздер ме достар!!! Массагетте масса көп деп достарымның бәрі мақтаған соң, мен де қосылдым қатарларыңызға.

        Осының алдында тек Мой мир мен вконтактеде ғана 24 сағатымның 2-3сағатын өткізіп жүрген мен үшін блог ашу сайт ашқандай болды(ғой). Аштым (кнопканы бастым), кірдім (қызықты жазбаларға күлдім), көбіңізді оқыдым (сөзіңізді тоқыдым), өзім не жазарымды білмей (түні бойы көзімді ілмей), тек суреті сәтті түскен қыздардың бірнешеуін достарымның қатарына қостым да( агенттен қалған әдет қой), блогымды жаптым.(не таптым...)

        Бұл жерден біреудің мұңын, біреудің сырын, ақынжандылардың жырын, деректердің түр-түрін, жазбалардың мыңын оқыдым. Енді сіздер менен не оқисыздар, айтпайын ашып сырымды, жаймайын елге мұңымды, фотомнан көрерсіздер түрімді, жазбамды оқып танырсыздар, мен айтпай-ақ дымымды. Оқыған-тоқыған дүние аз болған соң, көсілтіп көлемді дүние жазу қиын-ау. Әзірге осымен тояттаңыздар.., мен нүкте емес, үтір қалдырдым,пікір қалдырыңыздар..,