Ли О Ма ның жауаптары

Ли О Ма ның жауаптары
жеке
блог

Мұң деген не?

«Қуаныш»-тың антонимі

 

Бойыңдағы ең жаман қасиет қандай? Ең жақсысы ше?

Менің ең жаман қасиетім-тұйықтық.  Виртуалды өмірде ашық, көңілді көрінгенмен, шын өмірде мүлде олай емес. Адамдармен тез тіл табысып кете алмаймын. Ал жақсы жағым – білімдімін дей салайын. Негізі жақсы жағымды айтқым келмиді. Жақсы жағымды өздеріңіз айтыңыздаршы?

 

Ең сүйікті қазақ әншісі кім? Ең сүйікті корей сериалы?

Айгүл Иманбаева! Оның өнеріне,  дарынына басымды иемін! Ол тек қана әнші емес, актриса, пародиялық өнері де бар. Оған ұзааақ өмір сүріп, қазақ эстрадасына үлкееен үлес қоса берсін деп тілеймін. Ал жақсы көретін корей сериалым - ыстық ұя.


Егер осы өмірлерің түс болып, терең ұйқыдан ояндың делік. Алда не істейсін? Енді бар өміріңнің алда қалай болатын білесің ?(мысалы қалай мектеп оқып, бітіретініңді деген сияқты)

Қызық сұрақ екен... Не істеймін енді?.. Түсімде жасаған қателіктерімді жөндейтін едім.

 

Корей жігіттері сияқты шашыңды өсірер ме едің? Жалпы стилің қандай?

Негізі мен тек корея өнерін ұнатамын. Ал өмірде қарапайым баламын.  Ал шашқа келетін болсақ, мектеп оқушысы болғандықтан шашым үлкен емес, мектепте рұқсат етпейді. Ал мектепті бітірген соң, шашымды өсіруді жоспарлап жүрмін...

 

Атыңыз шынымен Ли О Ма болс, неге карістердін аттына ұқсас?!

Ықықықы... Алдынғыы бір блогымда айттым ғой... Ол жай ғана лақап атым. Мысалы Анара Мұстафина ханымның лақап аты Ақзере. Сол сияқты менің лақап атым Lee Yo Ma. Ал шын есімім – Маулен.

 

Массагетте не ұнайды, не ұнамайды?

Бәрі ұнамайды... ықықы тағы қалжың ғо)) Қызықты жаңалықтар ұнайды, күнде оқып тұрамын. Ал ұнамайтын жері екі клипті қосып шығаратыны, әсіресе менікін вахахахахаха!!!

 

Кітап оқисың ба, қандай кітаптар?

«Өмірдік сабақ беретін психологиялық кітаптар, сондай-ақ әдеби көркем шығармалар оқығанды ұнатамын» деп өтірік айтпай-ақ қояын. Шынымды айтсам кітап оқымаймын.

 

Массагетте қай блогерді шын өмірде көргің келеді,  Анар ападан басқа?

Анар апайды өмірде көргім келеді деп кім айтты? Тағы да қалжың))) Бәрін көргім келеді.

 

Маған ұнаған сұрақ мынау: Корей жігіттері сияқты шашыңды өсірер ме едің? Жалпы стилің қандай?

Келесі сұрақты Мейіргүлге және Еркебұланға қоямыз