жеке
блог

Мен ақылдымын, сен топас!

Әр адам өзінше ақылды, өзінші білімді ғой. Өзінің білімсіздігі мен ақылсыздығын мойындайтындар кемде-кем. Енді бір әзілі жарасқан біреу болмаса немесе өмірге бей-жай қарайтындардан көбіне «Әй, қойшы, сен ақылдысың ғой, сен білесің» дегендерді естіп қаласың. Ал қалғанымыз керек жерде, керек емес жерде өз «5 тиынымызды» қоспасақ жүре алмайтындардың қатарындамыз.

Түсте ғой сол, әріптестермен жиналып, таксист бауырларымыздың тым ақылгөйсіп әңгіме айтатындарын, елдің бар мәселесін ауызша шешіп тастайтындарын сөз еткен едік. Сол кезде сондай бір таксистің әңгімесі есіме түскен еді. Қазір нақты не туралы айтқаны есімде жоқ: дін бе, саясат па, тіл, не жастар ма, әйтеуір сондай бір қоғамға маңызды мәселе болатын. Оның бар айтқан әңгімесі менің түсінігіме мүлде қайшы еді. «Ой, ағай, сіз де қатырасыз, енді бәрі адамның өз қолында ғой» дегім келді, бірдеңе деуге оқталдым да, бірақ «Иә, ағай, сіздікі дұрыс» деп, айтқанымен келісіп қана отыра бердім.

Жалпы, әрбір адамның ойы бір-бірімен сәйкес болмауы заңдылық қой. Сен сенетін затқа басқасы сенбейді, сен ақиқат деп тапқан затты басқасы мойындамайды, тіпті қанша жерден өзіңді дұрыспын деп санап тұрсаң да екінші адамды ақымақ қылудың қаншалықты қажеті бар деп ойлаймын. Кез келген проблема жайлы ондаған, жүздеген, мыңдаған пікір болуы мүмкін, бірақ неге дәл сенің ойың дұрыс деп ойлайсың? Сенің өз ақиқатың, өз ережең, өз түсінігің бар, басқаныкі – басқа. Олай болса, неге біреудің тұжырымына біз бас қатыру керекпіз? «Өз ойларыңызбен бақытты болыңызшы» - деп әрі қарай өз өміріңмен өмір сүре беру керек екен ең дұрысы. Құда да тыныш, құдағи да тыныш...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі