Валентиндерің аман ба немесе кім не сыйлық алды?!

Валентиндерің аман ба немесе кім не сыйлық алды?!
жеке
блог

Ал, биссимильилляхи рахмонир раххим!!!

 

-Мереке құтты болсын!

-Қандай мереке?!

-Ғашықтар күні....Валентин күні?

-Ееее....

 

Ия,14 ақпан Әулие Валентин күні. Бірақ біздің, қазақтардың,мұсылман бауырлардың мерекесі емес!!!

Бұны бәріміз білеміз де,бірақ сыйлық алған орысша айтқанда "приятно" ғой...Айтпағым бұл емес, әйтпесе оқығандар сыйлық үшін дінін сатады екен деп қате ой түйер...ЖО-ЖОҚ! Мен-мұсылманмын! Мен үшін бүгін жай ғана ақпанның 14-і деп айта салсам да болар, олай емес, мемлекетіміздегі христиан дініндегі өзге ұлт өкілдерінің мерекесі. Жақсы күн, оның үстіне байқасаңыздар бүгін күн жылыыыыыы....

 

  Негізі бүгінгі күнді ерекше күтетін жандар көп, жандар емес -ау Қазақтар!!! Неге біз сүйікті жандарымызды құттықтап,махаббатымыз артып, сүйіспеншілігімізді басқа күндері білдірмейміз?! Мәселен күнде?????

Болмай ма?! Несі бар?! Мен біреуді ұнатып , сезімімді білдіруім  үшін 14 ақпанды тосқым келмейді. Махаббат күн санай ма әлде?! ЖОООҚ!!!

Мұсылманмын деп көкірек ұрғандардың өздері "әдемі сыйлық" беріп, лебіз білдіргеннің өзінде "ризааа" болып қалары жалған емес. Мен де сол қатардамын. Мені біреу құттықтап, гүл әкеліп тұрса көкірегінен итермеймін ғой "әрі кет гүліңмен, бұл мерекені мойындамаймын " деп. Өрескел мәдениетсіздік деп санаймын. Кім не десе о десін!!!

Өзге жанның көңілін түсіріп, мұңайтып "разылық" жинамайсың!!!  Рахмет айтып, көңіл білдіргеннен қате ойлап ,сыйлық үшін дінін сатқандар қатарына қосып жібергендерге таңмын.

 

Мұсылман бауырлар- жүрегінде иманы, көзінде мейірімі, ісінде арамза тірліктің иісі жоқ, ойында тек адал пайымдар мен жақсы ниеттер бар жандар!!! Бұл менің ойымдағы,менің санамдағы мұсылман адамның көрінісі. Мұным "өзге дін өкілдері бұл қасиетке ие емес" деген  пікір емес.

Өзге ұлттармен қатар бейбітшілікте өмір сүрген үшін олардың да мерекесіне оң көзқараста болған жөн деп санаймын. Мәселен мені жұмыстағы барлық "орекеңдерім" құттықтап шықты. Максимдерден бастап Ираларға дейін. Несі бар, рахметімді айттым, оларды да құттықтап қойдым. Бәрі көңіл ғой.Бір ғана жылы сөзбен бөтен адамның көңілін көтергенім үшін мені дін сатты дегенге шығарса "пысқырғаным бар"!!! Бастысы: жүректе-иман, аузымда-кәлима, танығаным-АЛЛАХ, оқитыным-намаз!!!

 

Кейде әзіл-шыны аралас күліп алам ғой....Бұл жай көңілдеріңді көтеру үшін айтылған сөз,айтып қояйын уахах. Әйтпесе оқыыып келе жатып, ыржимайсыңдар мына жазбаға қарап хехех...........СОл- Әшейін де махаббаттары ашылып сен үшін "бәрін қыратын" жігіт осындайда "плоооотно" ИМАМ болып қалады уахахах. Рас та әйтпесе сыйлығы құрысын, лебізін білдірсе де мәз боласың ғой. Не дер екен деп "құттықтай қалсаң" "Біздің мереке емеске" сайып қалады. Ондайда бәрі шетінен "ақылдыы"!!!  Наурыз бен нағыз ғашықтар күні келсін көреміз қалай сайрайсыңдар!!!! Өййй өңшең шіріген ауыздар уахахха.  Айтпаса да жақсы білем біздің,"қазакеңдердің" мерекесі бүгін емес екенін. Біздің мереке алда. ӨӨй,  алда емес-КҮНДЕ!!!!

 

Қысқасы, көп сөз-*** сөз дейді ғой. Дүрліге бермей,өзгенің қуанышына ортақтасуды да ұмытпайық! Адамилық қасиеті жоқтан имандылығын  сұрау 5 тиын!!!


 

 

                 Төл мерекемізге аман-есен жете берейік!!!