Өкініші таусыла ма?

Өкініші таусыла ма?
жеке
блог

Қасымда әдемі бір түрік қыз бар. Енді көздерін көрсеңіз...  Тұнып тұр. Сондайлық ашық, адамдармен тез табысып кетеді. Бәріне жаны ашып, бірден көмек көрсетуге тырысып жүргені. Сол қызбен жақын таныса келе ол қыздың мұңын естіп ойланып қалдым....

Жасы 21 де. Үйде отырады екен, мектептен кейін оқымаған. ҰБТ дан 90 балл жинаған қызды оқуға жібермеу деген, мына заман да мына қазақстанда қандай қиын? Қаскелең жақта тұрады екен. Маған бәрі қызық қой, сыпылдап бәрін сұрайм ғой:

- сонда үйден шықпасаң қалай күйеуге шығасың?

- Жігіттер сөз айтады, хат жазады бірақ мен жауап бере алмайм. Телефоным тексерулі, агент дегенді былай білем бірақ қолдандырмайды...

- сонда, ағаларыңа не бірден саған құда түсіп келу керек па? көрмей танымай шығуың керек пе? 

- қайтемін енді, дамыған заманда өмір сүріп жатса да ескілікті ұстап қалған. Оқуға деген құлшынысым қатты болды, жыладым да қорқыттым да бәрібір ештеме шықпады....

Соткасын қарап отырып, ағаларының қыздарын көрдім 1,5 жасар қызға паранжа кигізіп қойған, мен айтам да "білуімше, қызға етеккірі келгесін кидірмеуші ма еді паранжаны" деп, "енді оның түсінігі сол ғой" дейді. 

Өкінішті, әдемі қыз... Көзінде мұң ешқашан сейілмейтін де шығар... Ал, біз дамыған заман да өмір сүреміз дейміз...