Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Неудержимый"(тура аудармасы "Басқа оқ") көруге тұрарлық фильм бе?

"Неудержимый"(тура аудармасы "Басқа оқ") көруге тұрарлық фильм бе?

жуырда кинокөрсетілімге түскен, (әрине Ресейде алдыңғы айда болған) трейлеріне қарасаң сатира мен қантөгіс араласқан, 90 жж жанрындағы экшн өзіне қатты тартады...

Басты рөлде кезінде атышулы, соңғы жылдары атқа қайта мінген шал С.Сталлоне мен "Форсаж" фильмінде рөл сомдаған кәріс Кен Сенг ойнайды..

Біріншіден трейлерге байланысты бағамды берсем, фильм менің ойымша трейлерден жақсырақ болып шықты.. оның үстіне трейлерде көрсетілген күлкілі, қалжың аралас сәттер фильмде жоқ(?)...Қазақстан үшін керек емес деп тапқаны ма, білмедім.. 

Фильмді қарап болған соң балалық шақтағы бейнетаспа арқылы көрген секс пен қанға толы боевиктер еске еріксіз түсіп кетті)) Актерлік ойын нашарлау болды, көп жерде кемшіліктер, ым мен жымның жетіспеуі байқалды. актерлік ойынға 10 баллдың 4-ін беремін. сюжеттік баян әдеттегідей.. біреуді біреу өлтіріп соның кегін алу және онымен қоймай үлкен зұлымның көзін жоюы.. сюжет үшін 5 балл, және аяғындағы ойламағандай ақтық сәт үшін ғана..

Енді моральдық тұрғыдан алсақ,әлі де ой тоқтата қоймаған балалар мен жасөспірімдерге көруге болмайды деп ойлаймын.. жыныстық қатынастарға толы көріністер болмады, алайда аты айтып тұрғандай қантөгіске толы.. қантөгіс өтте көп...біздің есін жия алмай жатқан қоғам үшін тағы да адамды өлтіре салып емін-еркін жүре беру, сонымен әділеттік жасадым деген ойлауды қалыптастырады..ондаған адамдарды өлтіре салып бақытты өмір кеше беретін басты кейіпкерлер адамдарға жаза жоқ деп айтып тұрғандай.. ал жемқор полицейлер фильмде өте көп болғаны бір жағынан біздің қоғамды да еске салады

Енді ойымызды қорытындылап, тәмәмдасам.. 

Қазақ қоғамына бұл фильмнің берері жоқ! Неге десеңіз бізде ақ пен қараны айыра алмайтын жастар түгілі ересектер де аз.. оның үстіне еліктеушілік кең таралған..

1) Қантөгіс- фильмдегі минут сайынғы болатын құбылыс. Көріп отырып өзіңнің де қолына қару алып біреуді жайратқың келіп кетеді.. мұны көріп алған жасөспірімдер өте қатыгез болып және адам өмірі түкке тұрғысыз ойыншық деп өсетіні айтпаса да түсінікті.

2) арсыз қоғам- яғни фильмде жақсылыққа жетелейтін сәттер жоқтың қасы. Жезөкшелер, нашақорлар, қаныпезерлер, адам зорлаушылар, үстіне тату жасатқыш адамдарға толы қоғам мен жемқорлар фильмде басты батырлар болғандықтан одан табар не бар деп ойлайсыз? біздің қоғамдық құндылықтарды дамытуға тек кері әсерін тигізетініне сенімдімін.Біздің қоғамда да жезөкшелер мен қантөгушілер батыр болып шыға келеді ме деп қорқамын..

Мен өз пікірімді айттым, ақшаңызды аямай көрем десеңіздер де көрмесем десеңіздер де өз еріктеріңіз! назарларыңызға рахмет..

7
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 14 ақпан 2013, 00:18
Тегтер: кино

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.