жеке
блог

АҚ ЖАҢБЫР

Таңғы ұйқымды сағаттың шырылы бұзып жіберді. Түнімен өлең жазған Мен емес, басқа біреу секілді. Жартылай өлік қалпыммен көрпенің астынан жағы қарысқыр сағаттың үнін өшірмек боп, қолымды созғам... Әп дегеннен қолға ұялы телефон ілікті. Шырылдап жатқан сағат емес, ұялым екен. «Түнде үнін өшіре салу керек еді...»

-         Алло? – ұйқылы ояу дауыспен үн қатқандаймын.

-         Сәлем... (Үнсіздік) - Сенің осы дауысыңды естігім келді. Кешірші... Ұйқылы ояу дауысыңды қатты сағынып кеттім. Шыдай алмадым....

-         Бар айтпағың осы ма?

-         Тыста жаңбыр жауып тұр...

-         Болды ма?

Тағы үнсіздік...

-         Иә...

-         Онда сау ... Жоқ, қош бол! Бұдан былай менің таңғы дауысымды естуге деген құштарлығың оянбай-ақ қойсын. Дауысымды диктофонға жазып, поштаңа салып жіберермін.

Телефонды сөндіре салып, жылы көрпеме қайта сүңгідім. Қайдағы ұйқы енді? Неге хабарласты Ол? Сатқын жүректің де аяқ асты тулай жөнелгенін қарай гөр! Ағзаға қан айдап тұратын міндетін тып-тыныш қана атқарып жүрген сияқты еді... Тук.. Үнсіздік.. Тук-тук... Тағы да үнсіздік... Тук-тук-тук... Тууу, енді ұйықтай алсамшы...

 Қой, тұрып шәй ішпесем болатын емес. Сүйретіліп тұрып, асханаға беттедім. Иә.. сыртта жаңбыр жауып тұр. Ақтөбенің мен сүйетін ақ жаңбыры. Ол да сүйетін... «Ақымақ, бір сөзіне жүрегің езіле қалды ма?» Ішімдегі Индира шаңқ ете қалды да, селк еттім.

Жаңбыр...

Аспаннан құлаған мөлдір шықтар тереземді өршелене ұрған сайын соншалықты жақын, соншалықты сүйікті, қымбат дауыс құлағыма келе берді: «Жаңбыр жауған кезде, есіңде болсын! Мен сені әрқашан еске алатын боламын, қай жерде жүрсем де, қай жаққа кетсем де...Қай жаққа кетсем де... Қай жақта жүрсем де... Есімдесің.. Есімдесің... Есімдесің...» Көзім қарауытты. Басым ауырып кетті... Мен шынымен сол сәттерді басымнан кештім бе? Өткен өмірімде сияқты... Иә, өткен өмірімде шығар...

Есімді жисам терезеге бар денеммен жабысып тұр екем... Сыртта жаңбыр... және менің Бақытым. Арамызды тек осы әйнек қана бөліп тұрғандай... Егер терезе болмаса тыстағы жаңбыр мен көз жасым бірігіп кетер еді... Жоқ!

Келесі сәтте өзім жатқа білетін нөмірді жанталаса теріп жатқанымды аңғардым. Гудок. Тағы да гудок... Бір, екі, үш...

-         Алло? («Жанымммм-аууу менің....» Кірпігімнен бір тамшы үзіліп түсті)

-         Ал Ақтөбеде жаңбыр жауып тұр...

-         Сені сүйем...

-         Ал мен сені... және Жаңбырды... (дегенім сол екен, Жүрегім тағы да дүрсілдеп қоя берді.)  Әәәййй, жының кеп тұрып жақсы көрген қандай күштіііі...))) 




Ең қызықты блогтар

Педагогтің эмоционалдық жануы және психологиялық саулығы
Еңбекті қорғау компания дамуының басым бағыты
Болашақта өзімді қалай елестетемін?
Әлемдегі өзгерістерге сай өзгере біл
Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы жайлы
Шет елде тегін білім алуға мүмкіндік беретін жобаны білесіз бе?

Жұлдызды блогтар