Массагетке қош келдік!))))))

Ассалямалейкум, құрметті бауырлар)!

 

Өмірмде 1-ші блогымды Бисмиллахир деп осы порталдан бастайын деп шештім.. ойларымды бөлісіп, аз да болса қоғамға деген пайдамды тигізуге берген мүмкіндіктеріңіз үшін зор алғыс!

Не дейін....

Бәрінен бұрын Массагет.кз ең көркем әрі қызықты ақпараттық портал екенін айтқым келеді.. ана тілімізде болғандығы оның бағасын ат басындай алтын құнынан да жоғарылатып жібереді.. Ана тілінде сөйлейтін қазақ жастары көбейе берсін және ғаламтордағы қазақ тілі аясы кеңейе түссін!

Өзім жайла көп ақпарат айта алмаймын, алайда блог ашу себебімді айтсам.. Қоғамымызда күрделеніп, арам шөп секілді топыраққа терең тамырын жайған мәселелер жоқ емес... бірінші кезекте солар жайлы ой-пікір, ойлау-толғаулар, күнделікті қорытындыларымды жазсам деймін.. әрине әлеуметтік мәселелерді қазыргі таңда барлық қазақ жастары қозғауы тиіс шығар(халқымздың белсенсіздігіміздің арқасында көптеген мәселелерді шеше алмай жүрміз)..

өзім дәрігер-интерн, жаттықтырушы, спортшы болғандықтан медицина, кәсіби спорт, әуесқой спорт және қосымша әдебиет  тақырыптарында жазсам деймін... тыңдағандарыңызға рахмет))) жақсы достар тауып, көптеген тауларды қопарамыз деп үміттенем...



Бөлісу: