жеке
блог

Студент әрі жұмыскер

 

        Сіз студентсіз! Болмаса болашақ студентсіз немесе студенттік өмірді бастан кешкен жансыз. Иә, әйтеуір студенттер жайлы гой...

         Бүгін Ұлттық кітапханадан шығып, жатақханаға қайтпақ ойда Фурманов көшесіне қарай бағыт алдым. Ойым, жатақханаға жақын әл-Фараби бойымен жетіп алу. Көше жағалай келе жатып, әр жерге бақырайтып ақ қағазға қара сиямен  жазылған жазу қаптап тұр. Алыстан көруім нашар болғаннан соң, амалсыз тал түбіне келдім де оқыдым. Мәтінінде «1-4 курс аралығында оқитын студент болсаңыз бізге келіңіз. Офистік жұмысқа, сізге тиімді уақытта сатушы болуға табысы жақсы жұмысқа шақырамыз» т.б секілді сөздер тізбектелген.  Көрсетілген нөмірде есімде сақтап ары қарай жүре кеттім. Мен сияқты әрбір студент қызығатындай мынау неткен жұмыс деген ой туындады. Бірақ, ең бірінші бұл «сетевой маркетинг-ау» деп арам ойладым. Содан не керек қоңырау шалдым. Мен ойлағандай-ақ сол «сетевой маркетинг» болып шықты. Туф, бұл Алматыда оңай қолға тиетін не бар еді дедім.   Жә, бұл бәлкім әрқайсысыңыздың басыңыздан өткен болар. Тегін жарнамалап шақырып алып адамның қыр соңынан қалмайды. Бүгін осымен әлгі қыз маған 3-ші рет қоңырау шалды, «келіңіз, бәрі де өз қолыңызда» дейді маған.  

        Қолымда не барын және ондай жұмысқа қабілетім жоғын да білемін. Жалпы айтпағым, қазіргі студент бәрі не де үлгеру керек: ол активист, қоғамдық іске белсенді, сабағы «бестік», жұмысы бар, өнерлі т.б. Қысқасы бесаспап, «он саусағынан өнері тамған»!  Осыларды біліп, меңгерген адам  әйтеуір бір жерді «тесіп шығары» анық. Ал өзімнен біреуін ғана көре аламын жоғарыда тізбектергендерімнің. Бір жерді теспесем де, тесуге білек сыбанып дайындалып жүргендердің қатарындамын...

    Барлығы да өз мамандығы бойынша жұмыс жасамай, өзге бағытқа ауысатындары тағы бар. Ендеше, студенттер қандай жүмыс істегені дұрыс?.. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі