жеке
блог

Есіл,сенің кінәң жоқ...

Есіл, сенің кінәң жоқ,

Мен толқысам, сен де бірге толқыдың.

Мен жыласам өзіңе кеп егіліп,

Жұбата алмай бүк түсетін толқының.

 

Есіл, сенің кінәң жоқ

Бір мейірім аңсап келсем жағаңа,

Жылы желің маңдайымнан сипайтын,

Жүзі елес ұқсап бір сәт анама.

 

Есіл, сенің кінәң жоқ..

Мендік күйді сен ғана едің ұғатын.

Кей мінезің аумай қалған әкемнен,

Іштей тынып үнсіз қарап тұратын.

 

Есіл, сенің кінәң жоқ...

Менің қанша күйрегенде арманым,

Өзіңе кеп ақтарылып қайтушы ем,

Үміт байғұс тістегенде бармағын.

 

Есіл, бүгін сенен кетіп барамын,

Қимағаным,жасқа толса жанарым.

Есіл, сенің еш кінәң жоқ,

Өмірде -

өзің ғана адалым!..

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі