Айтабер! танымдық блогтұғырына қош келіпсіз!

Амансыздар ма Массагет тұрғындары?! Бүгін ақ түйенің қарны ақтарылған күн болмаса да, Қазақ интернетіндегі жаңа бір сайт өзінің тұсауын кесіп отыр! Осы жылға қазақ тілді сайттардың көбейетінін арамыздағы интернет мамандары айтып өтіп еді. Сол толқын басталып кеткен сияқты. Ал ендеше "Айтабер!" танымдық блогтұғырын қарсы алыңыздар!

Аты айтып тұрғандай, сайт пайдалы да құнды ақпараттармен бөлісудің ортасы болмақ. Яғни, өзіңізде бар құнды ақпараттармен бөлісіп, интернет қауымымен пікір алмаса аласыздар!

Сайттың басты мақсаты қазақ тіліндегі сапалы контенттер жинап, жас және тәжірибелі қолданушыларды бір пікіралмасу ортасына жинау. Сайттан өздеріңізге пайдалы нәрсе тауып жататын болсаңыздар, біздің қуанышымыз сол болмақ! Қош келіпсіздер! Сіздер үшін сайтымыздың URL-ы әрқашан ашық:)

www.aitaber.kz

Ендеше, құнды да қызықты ақпаратың немесе ойың болса, Айта бер!



Бөлісу: