Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Түсіме кірдің...

Түсіме кірдің...

Түсіме кірдің...

Бүгін Мұқағали Мақатаевты түсімде көрдім! Менен әлде қайда ұзын, шаштарын керемет тараған, қоңыр кәстүм киіп алған екен ақын. Шығармашылық кешке келе жатыр. Өлең оқуы үшін шақырылған. Мен "ассаламу алайкум Мұқағали аға" - деп күтіп алып, орындыққа отырғыздым. Кенет қала бойынша жарық сөніп қалды. Ақын енді өлең оқи алмайтын болдым деп бір күрсінді.... (сол жерден ояндым) Түсіме неге кірді екен деп ойланып отырсым жақында яғни 9 ақпан ұлы ақынның туылған күні екен. Дұрыстап тойлаған жөн шығар.  Ақынға жазған өлеңім де бар.

Болмаса егер ақиқаттан бөтені
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы данаменен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.

Жырыменен жүректерді тербеген
Жан жарасын талайлардың емдеген
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мақатеав сынды ақындар кемде кем.

Тас атқанды қараламай ақ көрген
Жалғандықты өлеңімен қақ бөлген
Шындық үшін шырылда деп Мұқаңа
Талаппен қоса Құдай бақ берген.

Жүзеге асып Жаратқанның жарлығы
Ақтарылды өлең жырдың сандығы
Жыр жазуды үйренуде Мұқаңнан
Жаңа ғасыр ақынының барлығы.

Дей алмайтын, – тамашасы аз әттең.
Өлеңдері көмерілген ғажаппен
Басқаларды айталмаймын, бірақта
Мұқағали мәңгі жасайд қазақпен!
ШАЛДЫҢ БАЛАСЫ

7
Рейтинг: +4

Автор: Berik Sultan
Жазылған уақыты: 07 ақпан 2013, 20:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.