...Жаным
жеке
блог

...Жаным

                              Жаным

Жайқалуда жанымның бақта гүлі,

Жанардағы езуге ақ таң ұры.

Жүрегімнің қалауы тек бір өзің,

Жадыңда,жаным, мәңгі сақта мұны.

 

Алқасын өлеңімнің тағып көргем,

Ақын ұлға өзіңсің шабыт берген.

Алтыным, сыйластығым саған шексіз,

Аласың орыныңды анық төрден.

 

Нық тастап келудеміз адымды алға,

Негізі, теңер едім бағымды арға.

Нала күй тән болмасын біздер үшін,

Нәзігім, жыламайсың  ЖАНың барда.

 

Ып-ыстық құшағыңда жылынамын,

Ылғи мен етіп жүрем мұны мәлім.

Ымына жүрегімнің түсінбестен,

Ынтығып іштен шығар тұнық әнім.

 

Мінезіңнен айналдым наз  ұқтырған,

Мәртебе саған жырды жазып тұрған.

Мына сөзді ешқашан ұмытпағын,

Мен сені сүйіп өтем, нәзік тұлғам.