жеке
блог

Көш жүре түзелер

 

Студент қатарына алынған Жадыра жан-жағын танып білуге талпынбады. О, бастан әр іске селсоқ қарап, жаутандап жалтақтаумен болды. Аса қуанта қойған жоқ оны  бұл студенттік жылдардың бастамасы. Мектебін сағынды, өткен күндерге көз жүгірте берді. Өзін білімді санап келген оның еңсесі бірден түсті, қасындағы қатарластарының қасқырлықтарына көндіге алмасы бар ма?! Аса бір жуас, мейірімді жандар қатарынан көрді жұрт оны, үндемегеннен үйдей бәле шығатынында айтатын еді олар.  Зулай зымырай күндері өтіп, есен-аман ешқандай бүкпе –тықпасыз жоғарғы оқу орнындағы бірінші жылын тәмәмдады. Жо-жоооқ, асықпаңыз, ол белсенді боламын деп те ойлаған. Бірақ, белсенді болмады емес, болды, белсенді деуге болмайды, «шала белсенді» студент болды.  Яғни, шамасына қарай шамалап ән де салды, қолға қос ішекті қобыз демеймін, домбыраны да ұстаған еді. Актер есебінде театр сахнасынан да көрінді, төбесін ара – тұра болса да өнер шаңырағына бұрды. Өте жасқаншақ еді, жабырқаулы күйде жүретін. Ешкіммен ақтарыла сыр бөліскен де емес-ті. (Жалғасы бар, яғни, 4 жыл білім алған жылдарын сағынышпен еске алып, әр жылға шағын шолу жасайтын болады "мын") 

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
РОБИНЗОННЫҢ ПРОТОТИПІ КІМ?
РОБИНЗОННЫҢ ПРОТОТИПІ КІМ?
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары