жеке
блог

Жалғыздық па?.............

            Үш айдан асты. Ұйқы жоқ. Не күндіз, не түнде. Мүлдем ұйқым келмейді. Сондай да бола ма? Түнімен қытыр-сытыр. Бұған дейін "үкі" едім. Яғни, таңғы алтыдан онға дейін ұйықтайтынмын. Ел түскі асын ішкенде, мен таңғы асымды ішетін едім. Енді, мүлдем...


Көшеде кездесіп қалдық. 

-Қайдасың?-деді.  

-Үйде. Өзің?

-Жұмыс қайда?

-Не болды?

-Жай. Қай жерде істеп жүрсің дегенім ғой.

-Не болды?

-Әншейін, керек адамсың ба деймін.

-Түсінбедім? 

-Керек адаммен араласу керек қой. Сен де....... 

Біртіндеп бәрі азая бастады. Жалғыз екем. Оған көзім әбден жетті. Ия. Досым да, дұшпаным да көп еді. Кезінде. Ал, қазір, қазір ешкім жоқ. Әлде маған солай көрініп пе еді?!  Ауырдым. Халімді біліп келген ешкім болмады. Мұңайдым. Қуантқан да ешкім жоқ. Жыладым. Жұбатқан жан болмады. Оны қойшы. "Қалайсың?"-деп, хабарласатын тірі пенде жоқ. Бойың үйренген сайын, жалғыздығың ұнай бастайды екен. Сонда да, ойласам жаныма батады.

Арманым..... Арманым - жалғыз! Аққудың арманы.... Сол аққудың арманы - менің де арманым.....  

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі