жеке
блог

Құрбымның туған күніне

Жанарик, құрбышка!!!

Анаңның сені туған күнімен, сенің туылған күніңмен!

 

Сен туған күн - мерекеміз,
Ән бастайық, кел екеуіміз.
Ұмытпа сен, құрбым,
Есте қалсын мәңгі бұл күн!

Екеуміздің біраз таныстық жылдарында қайғыға берік, төзімді, сабырлы, қайратты мінезіне куә болдым.

Мынадай бір сөз бар ғой: «Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.»

Сені де осы қайың ағашы сияқты дер едім. 

Басына қандай қиын іс түссе де жасымай, бар ауыртпалыққа, қиын кезеңдерге төтеп бере алатын мықты жан. Осындай қайсарлығы мен нәзіктігіне Жаратқан үлкен бақыт пен шаттық сыйласа екен деп тілеймін!

Барлық арман-мақсаттарың орындалып, денің сау болып, көп ұзамай аяулы жар, инабатты келін, ардақты ана атануыңа тілектеспін!

Ізгі ниетпен шын жүректен құрбың Анарик!!!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі