Анамның айтқандары

Анамның айтқандары
жеке
блог

 

     Ана...Ана деген сөзді естісем, өткен күнім есіме оралады. Мүмкін, «ана» деген сөз, «ана» деген жан өткен өмірде қалды ма  деймін...

     Бұрын бала болдым, бала  болғасын жерде тентектік пен еркелік бірге жүреді ғой. Сол кездері әкеге жақын болмасам да, анаға қарай бойынұсынғыш едім. Жылы сөздері жаныма ұнайтын. Оның әрбір сөзі ертегі секілді. Жай ғана сөз айтса да, бір келісті, улкен мағына беретін әңгіме іспетті жеткізетін.

   Қай ана баласының жаман болғанын қалайды дейсіз...Қасында көп жүрмесем де, азғантай ғана сөздерімен жан тебірентетін. Ұрмай-ақ, ащы сөздерімен көзіме жас келтіретін. Себебі, менің не істеп, не бітіріп жүретінімді білетін секілденді. Барлық қателіктерімді өз алдыма жайып салып, кейде айқаймен, кейде «әкелеп,көкелеп, басымнан сипап, айналайынга салып»  жүрегімді толқыта айтатын. Сол кезде өзімді ұстай алмай қаламын. Өз істеріме өкініп, бармағымды тістеп, қателігімді түсініп, өзімше намысшылдана түсемін. Енді баламын ғой ол кезде....

   Бірде түн  қараңғы, таңға ауған шақ болуы керек. Менің бұрыс жүрген жерімнің үстінен түскен.  –Анам байғұс үйден күте-күте уайымдап, мені іздеген шамасы,-деймін. Содан үйге барғанша денемді діріл , қорқыныш басты, енді не болар деген оймен. Үйге оң аяғыммен аттап, тамақ ішір бөлмедегі орындыққа отырып, анама қарай бергенімде,  анам күліп  ,  басын шайқады  да , өз бөлмесіне кіре кетті. Сірә, менің көзімнен бір қорқынышты байқаса керек-ті. Мен сонда ана мейірімін, ыстық ықыласын байқай алдым.

  Сол түні, төсегіме төмпекшіп ұйықтай алмадым. Сондағы ойыма, бұрынғы «апамның айтқандары» еміс-еміс    есіме  түсті:

  « Ұнжырғаңды түсірме, денеңді тік ұстап, таза киініп жүр, құлыным!  Жұрт бірінші адам сыртына        қарайды . Іші мен жүзі таза адамның бір тартымы болады. Арақ ішпе, керегі жоқ. Өзін ішпесең, кейінгі інілеріңде ішпес деп ойлаймын, ішпесе деп тілеймін! Тек денің сау, бақытты жан бол,  құлыным» дегендері есіме оралып жатты...»

   Ана  мен сізден не үйрендім? Мен сізден көп нәрсе үйрендім. Кісіні алаламауды, үлкенді құрметтеуді, қайырымдылықты, кішіпейілділікті, біреудің жанын ауыртпай сөйлеуді-бәрін-бәрін сізден үйрендім, анашым. Нағыз  өмірдің өзін үйреттің маған.Мәңгілік ұстазым менің...

  Осыларды ойлап жатып, ұйқыға кеттім.